Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

2018 жылғы 27 сәуірде РФ ІІМ Краснодар университетінде өткен «Криминалистика және сот сараптама қызметі: теория және практика» атты VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Наталья Александровна Чупринюк пен қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Сағынтай Мұхитұлы Минайдаровтың қатысқаны туралы

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшевтің 2018 жылғы 13 сәуірдегі №23 бұйрығына сәйкес, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Наталья Александровна Чупринюк пен  қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Сағынтай Мұхитұлы Минайдаров 2018 жылғы 24-29 сәуір аралығында РФ ІІМ Краснодар университетіне шығуды жүзеге асырды.     

2018 жылғы 26 сәуірде Краснодар қаласына келіп, аталған оқу орнының аумағында орналасқан қонақүйге орналастырылды.

Бірінші күні, яғни, 2018 жылғы 27 сәуірде университет бастығы полиция генерал-лейтенанты Александр Викторович Симоненкомен университет бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Анатолий Леонидович Осипенкомен және университет бастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі көмекшісі полиция подполковнигі Алексей Гирин Владимировичпен кездесу ұйымдастырылды.

Әрі қарай  университет экскурсиясына қатысып, оқу орнының мұражайына барып, РФ ІІМ оқу орындарының оқу бағдарламаларымен танысты.

Сағат 09.00-10.00 аралығында конференцияға қатысушыларды тіркеу өткізілді.

Сағат 10.00 –ден 13.00-ге дейін конференция залында пленарлық отырыс өткізілді, оны университет бастығы полиция генерал-лейтенанты Александр Викторович Симоненко ашты.

Сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін секциялық отырыс өткізілді, онда қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Наталья Александровна Чупринюк «Криминалистическая характеристика и особенности назначения и проведения одорологического исследования в ходе досудебного производства» атты баяндамасын және қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Сағынтай Мұхитұлы Минайдаров «Проблемные вопросы, возникающие при производстве баллистических криминалистических исследований и судебных экспертиз газового, травматического, пневматического оружия» атты баяндамасын талқылауға ұсынды.

 

ҚПжК кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі                                                    

Н.А. Чупринюк