Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Проведение лекционного занятия судьей городского суда г.Актобе


2019 жылғы 14 мамырда Заң даярлығы пәні бойынша «Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы халықаралық міндеттер» тақырыбында кәсіптік және қосымша білім беру факультетінің біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларына №3 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Сандуғаш Серікқызы қатысуымен дәріс сабағы өткізілді.


ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық  пәндер кафедрасы бастығының міндетін атқарушы з.ғ.к., полиция подполковнигі А.Ибраева сабақтын кіріспесінде тыңдаушыларға дәріс сабақтын тақырыбын, оның өткізілу жоспары мен мақсатын, қаралатын  тақырыптың маңыздылығын, сонымен қатар шақырылған қызметкерді таныстырды.


Сабақ өткізу барысында С.С. Сәрсенова Қазақстан Республикасының барлық соттарына 2018 жылы енгізілген «Судьяның көмекшілері» жобасының ережесімен таныстырды.


Дәріс сабағы барысында тыңдаушылар адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сот органдарының туралы, электрондық сот кабинетінің жұмыс тәртібі, сонымен қатар, сот қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мәселелері бойынша сұрақтар қойды.


Тұтастай алғанда, тәжірибелік қызметкер С.Сәрсенованың қатыстырылуымен өткізілген сабақ өз мақсатына жетті.


Жалпы құқықтық пәндер кафедрасы


бастығының міндетін атқарушы


з.ғ.к., полиция подполковнигі


А.К.Ибраева