Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Өмір қауіпсіздігі үшін жол қауіпсіздігі»

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамымен 2020 жылдың 09 қаңтарында «Өмір қауіпсіздігі үшін жол қауіпсіздігі» жобасы шеңберінде Ақтөбе қаласы Ораз Татеұлы көшесі 3 «Б» мекенжайында орналасқан М.Дулатов атындағы №63 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде жол қозғалысы ережесін сақтау бойынша оқу сабақтары өткізілді.

Оқу сабақтары барысында жас жаяу жүргіншілерге жол қозғалысын сақтау ережелері, соның ішінде, олармен автомобиль жолдарынан және теміржол өткелдерінен өту ережелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, оқу сабақтары барысында балаларды қатыстыра отырып, олармен жүргізуші және жаяу жүргінші ретінде ойындар өткізілді. Сабақ барысында оқытушы мен оқушылар арасында байланыс байқалып, оқушылар өздеріне қызықты сұрақтар қойып, оларға жауап алды. 

«Өмір қауіпсіздігі үшін жол қауіпсіздігі» жобасы, бұл қоғамдық тәртіпті қорғау мен жол жүру қауіпсіздігін және жол-көліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ағартушылық, ұйымдастырушылық, құқықтық шаралар кешені болып табылады.

Көлік объектілерінде қауіпсіздікті

ұйымдастыру кафедрасының

оқытушысы

полиция майоры                                                      

Қ.Ерланұлы