Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ардагерлер кеңесі

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Ардагерлер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы ІІМ №44 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің полиция құрылымдарының Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2014 жылғы 28 қаңтардан бастап Ардагерлер кеңесі өз жұмысын жүргізуде.    

ІІО ардагері, отставкадағы милиция полковнигі Айдосов Мұрат Көпжасарұлы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Ардагерлер кеңесінің төрағасы, аттестациялық комиссияның және Тәлімгерлер кеңесінің мүшесі. 

Институт қабырғасында өткізілетін іс-шараларға, атап айтсақ, курсанттардың ант қабылдау рәсіміне, ашық есік күндеріне, жас офицерлерді шығарып салу рәсіміне және мемлекеттік мерекелерді тойлауға Ардагерлер белсене қатысады. 

Ардагерлер кеңесімен тығыз байланыс жасау, зейнеткер-ардагерлерді және олардың отбасын қолдау, жас қызметкерлер мен курсанттарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында келесідей жұмыстар жасалуда:

  1. институттың жалпы жиналысында Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен оның орынбасары тағайындалынады;
  2. жыл сайын Ардагерлер кеңесінің жоспары құрылады;
  3. оқу орнында өткізілетін іс-шараларға Ардагерлер кеңесінің мүшелері белсене қатысады;
  4. әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу үшін көмек көрсетіледі, ардагерлердің мұқтаждықтарына мейірім танытылады;
  5. Ардагерлер кеңесінің мүшелері жас қызметкерлерге біліктілігін арттыруға көмек көрсетеді (тәлімгер ретінде), ауыспалы құраммен кездесулер жүргізіледі (дәрістер, әңгімелесулер), кәсіптік бағдар беру жұмыстары және т.б. жұмыстар ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ 2015 жылғы 02 қазандағы №806 бұйрығына сәйкес, институтта Ардагерлер кеңесімен жас қызметкерлердің бейімделуі мен ІІО қызметкерлерінен тәлімгер тағайындауға байланысты белсенді жұмыс жүргізіледі. Жас қызметкерлерге тәжірибелік қызметкерлермен, ІІО ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.

ТЖБ инспекторы

полиция аға лейтенанты Д.М.Саркулов  

 

Ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Айдосов Мұрат Көпжасарұлы


Милиция полковнигі Айдосов Мұрат Көпжасарұлы, 1973 жылдан 1996 жылға дейін Ақтөбе облысының ІІБ әртүрлі лауазымда қызмет атқарып, 1996 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебінің Ақтөбе филиалы бастығының көмекшісі лауазымында болған. 2000 жылдан бері Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып келеді.   

Рзабеков Санабай Рзабекұлы

Милиция полковнигі Рзабеков Санабай Рзабекұлы,  1975 жылдан 1996 жылға дейін Ақтөбе облысының ІІБ әртүрлі лауазымда қызмет атқарып, 1996 жылғы маусымнан 1998 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебінің Ақтөбе филиалы бастығының әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болды. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Ардагерлер Кеңесінің мүшесі болып келеді.  

Сюняков Валерий Александрович

Полиция полковнигі Сюняков Валерий Александрович, 1983 жылғы желтоқсан айынан 1997 жылға маусым айына дейін Ақтөбе облысының ІІБ әртүрлі лауазымда қызмет атқарады. 1997 жылғы маусым айынан 2001 жылғы сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң колледжінің әскери және дене дайындығы кафедрасының аға оқытушысы лауазымында қызмет атқарған. С 2000 года является членом Совета ветеранов Актюбинского юридического института МВД Республики Казахстан им.М.Букенбаева. 

 
01268070 IMG_8908 IMG_2477 IMG_5687 IMG_6590