Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Халықаралық серіктестік

Ғылыми-зерттеу мекемелері мен заңгерлік жоғары оқу орындары ғалымдарының өзара қарым-қатынаста болуы неғұрлым өзекті мәселелерді зерттеуде күштерін шоғырландыруға, ғылыми әлеуеттің шығармашылық қабілеттерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы Қазақстан Республикасының құқық қорғау мекемелерімен және өзге де мемлекеттік органдармен, сонымен қатар басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың сәйкес мекемелерімен шығармашылық серіктестікті нығайту бойынша нақты іс-шараларды ұйымдастыруда.

2013 жылдың тамызында Қазақ-Орыс Халықаралық университетімен Серіктестік туралы келісімшарт жасалынды, 2016 жылы Беларусь Республикасы ІІМ академиясымен, Ресей Федерациясы ІІМ Омск академиясымен, Ресей Федерациясы ІІМ Уральск заң институтымен, Орынбор мемлекеттік аграрлық университетімен білім беру және ғылыми қызмет саласында серіктестік бойынша хаттамаға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2011 жылғы 18 мамырдағы №32 бұйрығына сәйкес мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.Қ.Каримбаева 2011 жылдың  6-10 маусымы аралығында Копенгаген қаласына (Дания корольдігі) жұмыс барысымен барып, Адам құқығы жөніндегі Дат институтында адам құқығын оқыту саласы бойынша біліктілігін көтеріп қайтты.

ms2ms1

2015 жылдың 12-13 қазаны аралығында Алматы қаласында    «Қазжол» мейрамханасының конференц-залында адам құқығы бойынша Қазақстандық Халықаралық Бюромен өзара әрекеттестіктегі Еуропадағы қауіпсіздік және серіктестік жөніндегі ұйымдастыру бағдарламасының аясында және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін адам құқығы саласындағы білім» атты бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде   «Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жоғары білім беру мекемелерінде адам құқығы бойынша арнайы курсты оқыту» тақырыбында оқыту тренингі өтті.

2015 жылдың  09 қыркүйегінде «Әкімшілік полиция басқармасының бастықтары, бастықтарының орынбасарлары» санаты бойынша  біліктілігін артыру курсы аясында «Полиэтникалық Қазақстандағы полиция қызметін күшейту» тақырыбында  семинар өткізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен және ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисімен бірігіп ұйымдастырылды. Тренинг-семинарға:

Посол Наталья Зарудная – ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы;

Колин Маккалоу- ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің саяси сұрақтар жөніндегі Кеңесшісі;

Әсел Қаратаева – ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің әскери-саяси бөлімінің бағдарламашы ассистенті;

Қаракүшев Сәлімгерей Иманғалиұлы – Институт бастығы, полиция полковнигі, з.ғ.к. қатысты.

Сонымен бірге ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылдық істері жөніндегі Жоғарғы комиссарынан:

Дженнифер Крофт – Аға кеңесші;

Михаэль Ангерманн – Жоба офицері,

Казақстандағы және Тәжікстандағы Швейцария елшілігінен:

Мауро Романо Рейна- Казақстандағы және Тәжікстандағы Швейцария елшілігінің Посолі;

 Баптист ТибоХункелер-Атташе;

ms3ms4

Роман Макуха – ЕҚЫҰ, Трансұлттық қауіптілігі жөніндегі департаменттің полиция қызметінің стратегиялық сұрақтары жөніндегі бөлімінің полицейлік сарапшысы, Вена, Австрия;

Володымыр Самойленко – «Қоғамдық қауіпсіздік бастамасы» ЕҚЫҰ жобасының полицейлік кеңесшісі, Бішкек қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы;

Георгий Пирогов – «Қоғамдық қауіпсіздік бастамасы» ЕҚЫҰ жобасының полицейлік кеңесшісі, Бішкек қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы;

Стефан Рейнхардт – Қорғаушы, Швейцария, Ааргау кантонында бұрынғы полиция бастығы;

Томас Бурри – Швейцария, Санкт-Галлена, Университет құқығы мектебінің Халықаралық және Еуропалық құқық кафедрасының доценті қатысты.

Семинар жұмысында Көпұлттық қоғамдағы полиция қызметінің мәселелері бойынша ұлттық азшылдық істері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғары  Комиссиарының ұссыныстарында көрсетілгендей,  әртүрлілікті сезіну, мәдени және діни түсініктер, тіл туралы сұрақтар, қоғамда сенімділік пен өзара түсінушілікті арттыру және мәдени тосқауылдарды жою тақырыптары қарастырылды. Тақырыптық зерттеулер мен  түрлі елдердегі полиция қызметкерлерінің тәжірибесінің негізінде тұрғындар тарапынан жасалған жаппай жиылыстарды басқару туралы сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар қақтығыстарға жол бермеу және реттеу бойынша тәжірибелік жаттығуларға қатысты.

Тренинг-семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар, дәріскерлерге институт бастығының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

ms6ms5

2016 жылдың 20-22 қыркүйегі аралығында институт базасында «ІІД, ҚІІД аға учаскелік полиция инспекторы, учаскелік полиция инспекторы» санаты бойынша біліктілігін арттыру курсы аясында «Полиэтникалық қоғамдағы полиция қызметін күшейту» атты семинар өткізілді.

ms7

Аталған іс-шара ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің келісімімен ұйымдастырылды. Семинар жұмысы барысында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо, ЕҚЫҰ бағдарламасы қызметінің саяси сұрақтар бойынша кеңесшісі Колин Маккалоу, Қазақстандағы Канаданың төтенше және  өкілеттік елшісі Е.П. Шон Стайл, ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылдық істері жөніндегі Кеңес  комиссары, аға кеңесшісі Марк Фумагалли, ЕҚЫҰ (Украина) жобасының полицейлік кеңесшісі  Володымыр Самойленко, ЕҚЫҰ (Ресей) жобасының полицейлік кеңесшісі  – Георгий Пирогов, Канаданың полицей – сарапшысы Марк Лабонте дәріс оқыды.