Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мұражай

2005 жылдан бастап құрылған оқу орнының мұражайы ұйымдағы жас қызметкерлер мен курсанттарды патриоттық рухта тәрбиелейтін маңызды орындардың бірі. Мұражайдың жалпы көлемі – 72 кв.м. Мұражай жұмысының ұйымдастырылуына тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері жауап береді. Мұражай қорында мұрағаттық құжаттарымен экспозициялар, ЖОО – ның тарихы және заманауи даму кезеңдерінен көрініс беретін фотоқұжаттар, сонымен қатар Кеңес Одағының батырлары жерлесіміз Әлия Молдағұлова мен есімін оқу орны иеленген Малкеджар Бөкенбаевтың ерлік істері жайында, ІІО-ның ардагерлері мен қызметкерлері өмірінен сыр шертетін экспонаттар мен материалдар, қызметтік борышын орындау кезінде қайтыс болған Р.Кенжалин мен Г.Байтасов туралы құжаттар жинақталған.

Мұражайда соғыс, еңбек ардагерлері туралы қызықты материалдар, бұрынғы үлгідегі милицияның нысанды киіміндегі манекен қойылған, сонымен қатар оқу орны спортшыларының жетістіктерінің куәсі – түрлі медальдар мен дипломдар қойылған спорттық бұрыш ұйымдастырылған.

Оқу орнының мұражайына қалыптасқан жылдар аралығында көптеген құрметті, қадірлі қонақтар келіп, «Сыйлы қонақтар» кітабына жылы лебіздерін жазып қалдырды.

 
IMG_6192 IMG-20180627-WA0042