Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тәрбие жұмысы

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлерінің «Патон» туристік-спорттық базасына шығуы: 03.03.2017

8 наурыз халықаралық әйелдер күнін тойлауға арналған салтанатты шара: 08.03.2017

Тәрбие жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінде мемлекеттік тәрбие саясатын іске асыратын, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, зандарын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Ішкі істер органдары туралы», «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, «Еңбек кодексін», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары), Қазақстан Республикасы ІІМ–нің №246 бұйрығын, «Ішкі істер органдарында тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіру туралы» 2009 жылғы
13 шілдедегі №261 бұйрығын, Институт бастығының бұйрықтарын басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

 1) Институт жеке құрамын Отанына шексіз адал болу, Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де заңнамалық актілерді, зандылық пен тәртіпті, қоғамның занды мүдделері мен азаматтардың құқықтарын қатаң сақтау, Анттың, жарғылардың және бастықтардың бұйрықтарының талаптарын нақты орындау рухында тәрбиелеуді ұйымдастыру;

2) Институт қызметкерлерінің бойында жоғары кәсіптік, азаматтық және моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыру жөнінде саясат жүргізу, жалпы мәдениеттілік, қызметтік борышын орындауға саналы қарау, отансүйгіштік пен интернационализм деңгейлерін арттыру;

3) Институт жеке құрамын адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу, қызметкерлердің мәдени бос уақытын ұйымдастыру;

4) Институт жеке құрамының әлеуметтік – құқықтық кепілдіктерін іске асыруға көмектесуді және оған бақылау жасауды ұйымдастыру, қызметкерлердің, ардагерлер мен олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін, құқықтарын, ар- намысын қорғауды қамтамасыз ету;

5) заңдылық пен әскери-қызметтік тәртіпті нығайту, институт жеке құрамының арасында оларды өрескел бұзуды жою;

6) ұйымдастырушылық және типтік құрылымдардың  саны мен зерделімін есептеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қызметкерлердің оңтайлы нормативтік жүктемелерін қызметтермен және  кафедралармен бірігіп дайындау бойынша Институт бөліністерінің жетілдіру шараларын дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;

7) кадрларды кәсіби дайындау жүйесінің тиімді қызмет етуін ұйымдастыру жолымен қызметкерлердің кәсіби ісін арттыру, жеке құраммен тәлімгерлік және өзге де жұмыс түрлерінің мүмкіндігін пайдалану;

8) Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарында білім беру саласындағы мемлекеттік саясат талаптарын орындау;

9) тәрбие жұмысын басқарудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі үшін техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету;

10) ішкі істер органдары мен оның бөліністерінде тәрбие жұмысын  басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу және сүйемелдеу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  институт бастығы бөлімге  жүктеген өзге де міндеттерді орындау;

12) азаматтар мен қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

13) институт қызметкерлерінің арасында тәртіп пен заңдылықтың сақталуын тиісті түрде қамтамасыз ету бойынша жан-жақты шаралар қабылдау;

14) ішкі істер органдарының қызметі туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру және қолдау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олардың беделі мен абыройын көтеру болып табылады.

Тәрбие жұмысы бөлімінің негізгі ұйымдастыру қызметі жеке құрамды тәрбиелеу, институттың қызметтік әрекетін кадрлық қамтамасыз ету, жеке құрамды оқыту, бөлімнің қызмет етуі сұрақтарының шешімін қарастыратын институт бастығы бекіткен институттың және бөлімнің негізгі ұйымдастырушылық шараларының жоспарлары болып табылады.

 Бөлім өз жұмысын ақпаратпен алмасу, кешенді іс-шараларды бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру, басқарушылық құжаттарды дайындау, бірлескен кеңестер өткізу және жүзеге асыру, басқарушылық құжаттарды дайындау, бірлескен кеңестер өткізу және институт қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасу арқылы жүргізеді.