Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу-саптық бөлінісі

25.02.2016 :«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеге қабілеттілік»

Отанға шексіз берілген және институт аумағын қорғауға және қорғанысын нығайтуға, сонымен қатар жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін қызмет етуге негізделген құқық қорғау органдары офицерлерінің кәсіби ұстанымын қалыптастырады.

Институт бастығының сап бөлімі бойынша көмекшісі – полиция полковнигі Қайрат Моқұшұлы Манапбаев, оның міндеттеріне азаматтық қорғаныстың саптық, жұмылдыру жұмыстарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, институттың тұрақты және ауыспалы құрамының әскери, дене шынықтыру және тактикалық даярлығын ұйымдастыру кіреді. Саптық бөлімнің бір ізге салынған, мақсатты бағытталған  жұмыстарының нәтижесінде офицерлердің ширыққандығын және оқу орнының курсанттары мен офицерлерінің саптық жаттығуының артқандығын атап өту керек.

Институт бастығының сап бөлімі бойынша көмекшісі оқу-саптық бөлінісінің (курстарды), кезекші бөлімнің, сонымен қатар бақылап-өткізу пунктінің қызметіне басшылық етеді.

Оқу-саптық бөлінісінің басты қызметтерінің бірі курсанттарды материалдық қамтамасыз етуден бастап, бос уақыттарын ұйымдастырумен аяқталатын   курстың тіршілік қарекетін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге негізделген.   

Білім алу кезеңінде казарма курсанттар үшін екінші үйіне, басшылыр – курс бастығы, оның орынбасарлары мен старшиналар туғанына айналады. Олар тәлімгер, тәжірибелі педагог, өз ісінің шебері ретінде көрінеді.

Курстық звеноның офицерлері – жеке құрамның эталоны, олардың бойында құқық қорғау қызметкерлерінің қызметіне қажетті қасиеттердің барлығы бар. Олар  қамқор әке де, тәжірибелі психолог та, зерделі серік, жолдас та бола алады.

Бүгінгі таңда біздің оқу орнында еліміздің түпкір-түпкірінен келген әр түрлі ұлт өкілдерімен қатар, Тәжікстан, Қырғызстан өкілдері де білім алуда.

Институт курсанттары мен тыңдаушылары білім алумен қатар, оқу орнының тіршілік қарекеті үшін маңызды нысандарды қорғау мен қамтамасыз ету бойынша күнделікті ішкі қызметті өткереді, өздеріне бекітілген аумақтың тазалығына, қоғамдық тәртіпті қорғауға  жауап береді, қалалық, облыстық, республикалық көлемдегі спорттық және мәдени іс-шараларға қатысады.

Бүгінгі күні курстық бөлім штатында 12 адам бар.

Сонымен қатар ІІО-ның қатардағы аға және кіші басшы құрам лауазымдарына қызмет өткеруге үміткерлер (тыңдаушылар) сәйкесінше екі-үш ай мерзімге арнайы алғашқы оқыту курсына келіп, казармалық жағдайда  тұрып жатыр.

 
08 04 02 01 01