Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімі

Білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімі 2016 жылдың маусым айында құрылды. Бөлім қызметіне:

  • академиялық топтар мен ағымдарды қалыптастыру;
  • курсанттардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіпте тіркеу;
  • курсанттардың академиялық рейтингін есептеу;
  • оқытудың академиялық кезеңінде және оқытудың барлық кезеңінде  курсанттардың игерген кредиттерін есепке алу;
  • курсанттардың транскриптерін толтыру;
  • оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес курсанттардың үлгерімі бойынша ағымдағы бақылаудың, межелік бақылаудың, аралық және қорытынды аттестациялаудың мониторингін ұйымдастыру және өткізу, сараптау, қорытындысын шығару;
  • академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру;
  • мониторинг және білім сапасы үшін бақылау  құралының (тест тапсырмаларының мәліметтер банкі) және технологиясының (тестілеу, сауалнама алу жүйелері)  қорын құру;
  • курсанттардың аралық және қорытынды аттестациясы кезінде шетелдік бақылаулар, сынақтар және емтихандар өткізу технологияларын сақтау бойынша бақылау жасау;
  • мемлекеттік емтихан комиссияларының құрамын және жұмыстарын ұйымдастыру, нәтижелерін талдау және олардың жұмыстары бойынша ұсыныстар дайындау;
  • білім беру қызметін жетілдіру және курсанттардың үлгерімін арттыру бойынша ұсыныстар жинау;
  • білім сапасын мониторингілеу және бағалау құжаттарын дайындау;
  • оқытушыларға, курсанттарға, түлектерге сауалнама өткізу;
  • кредиттік технология бойынша жеке және топтық рейтинг қоры­тын­дыларын апта сайын шығару;