Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“Мир закона” ғылыми журналы

Скачать (PDF, 1.1MB)

Скачать (PDF, 765KB)

Скачать (PDF, 798KB)

Скачать (PDF, 834KB)

Скачать (PDF, 850KB)

Скачать (PDF, 715KB)

Скачать (PDF, 980KB)

Скачать (PDF, 1012KB)

Скачать (PDF, 1.35MB)

Скачать (PDF, 1.19MB)

Скачать (PDF, 1.14MB)

Жыл сайын Институт қызметкерлері 25-тен астам тақырыпта оқу-әдістемелік әдебиеттерді (көлемі 200 б.т. астам) жарыққа шығарады.

Институт қызметкерлерінің оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттерді жариялауы соңғы жылдары ойдағыдай  өскендігін атап өту қажет. Атап айтқанда, 2015 жылы – 29 жұмыс түрі, 2016 жылы – 93 жұмыс түрі шығарылды.

Ақпараттық хат

«Мир Закона» ғылыми-тәжірибелік журналы (БАҚ-тың тіркеу туралы куәлігі №544-Ж , 1999ж. 13.01).

Басылымда заңнаманың өзекті мәселелері кеңінен жарияланып, әрі оның оқырмандары жоғары білікті мамандарды әлемдік стандарт деңгейіне сай даярлаудың теориясы мен тәжірибесімен танысады, сонымен қатар отандық және шетелдік ғалымдардың  озық  ғылыми-зерттеулерін  жариялайды.

Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын және өзге де тілдерде жарияланады.

«Мир Закона» журналына шығатын мақала электронды және қағаз нұсқада, бір дана түрінде ұсынылады.

Мақалаға қойылатын талаптар:

  1. Мақала мәтіні WORD редакторында терілуі тиіс, «Times New Roman» қарпінде, өлшемі – 14, жол аралығы – 1,5. Жиек сызықтары жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтары –20 мм.
  2. Материалдар келесі тәртіппен орналастырылады: бірінші жолда – автор туралы толық ақпарат (тегі, аты-жөні, ғылыми дәреже, атағы, лауазымы, қай оқу орны­­нан, қаласы, мекенжайы, телефон, факс, е-mail), екінші жолдың орта тұсында – мақала атауы (бас әріптермен), бір жолдан кейін – мәтіннің өзі көрсетіледі. Пайдаланылған әде­биеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір жоларалық шегіністен кейін сілтемелермен ресімделеді.
  3. Сілтемелер мемлекетаралық стандартқа сәйкес ГОСТ 7.5 -98 и ГОСТ РБК 12615-2013 ресімделеді.
  4. Мемлекеттік (қазақ), орыс, ағылшын тілдерінде жазылған мақалада мақала атауы, аннотациясы, кілтті сөздер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қамтылуы тиіс. Шет ел авторлары үшін мақала атауы мен кілтті сөздер, екі тілде (орысша және ағылшынша) ұсынылады.
  5. Материалдар (суреттерді, кестелерді, диаграммаларды және т.б алып қосқанда) кем дегенде 5—10 бет көлемінде болуы тиіс. Мақаланы журналға шығару және оны өңдеу құқығы редакциялық алқаға ұсынылады. Ресімделген материалдар талаптарға сәйкес келмеген жағдайда басылымға жіберілмейді және авторларға қайтарылмайды. Жариялымға шыққан материалдардың фактілері үшін  редакция жауап бермейді.

 Журналдың редакциялық мекенжайы:

030011,  Ақтөбе қаласы, 41-разъезд, Курсанттар тас жолы 1; Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, тел:.8 (7132) 414318 (вн.120, 103); факс номері:  +7 (713) 2414305.

Бас редактор: С.И. Қаракүшев

Ғылыми редактор: Ғ.Ж.Сулейманова

Тех.хатшы: Г.А. Байкунакова тел. +77023227736

E-mail: [email protected], [email protected]

 
DSC04645