Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кадр жұмысы

Кадр жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Бөлімнің басты міндеті институттың профессорлық-оқытушылар құрамының сапалы және кәсіби өзегін қалыптастыру болып табылады. Бұл — ғылыми әлеуеттің және буын сабақтастығының, институттың табысты дамуының басты шартының бірі.

Қазіргі уақытта институт қабырғасында ішкі істер органдарында қызметтік үлкен тәжірибесі бар кәсіби оқытушылар еңбек етуде. Олар қысқартылған білім бағдарламасы бойынша заңгер мамандығынан басқа  жоғары білімі бар тұлғаларға жоғары білім базасындағы даярлықты жүргізетін еліміздегі ІІМ-нің ведомстволық жалғыз жоғары оқу орнының тірегін құрайды.

Бөлім құрылымы осы уақытқа дейін бірнеше мәрте өзгеріп отырды. Бұрын бөлім кадр құрылымын жасақтап, әрі тәрбие жұмыстарын атқаратын. Ол кезде кадр құрылымына институттың жеке құрамын жасақтау туралы міндетті атқарып қана қоймай, сонымен қатар тәрбие жұмыстарын жүргізумен, институттың барлық бөліністерімен, бөлімдерімен біріге отырып, курсанттардың бос уақытын ұтымды өткізуін ұйымдастырумен айналысуға тура келді. Алайда қазіргі уақыт талабына сай, тәрбие жұмысын жүргізу бөлімі кадр жұмысы бөлімінен бөлінді және нағыз уақытта дара бөлім ретінде танылады.

Қазіргі уақытта бөлім Қазақстан Республикасы ішкі істер органының, институттың кадр жұмысы саясатын іске асыру жұмыстарын жүргізуде. 2016 жылы штаттық-ұйымдастырушылық өзгерістер енгізіліп, ол өз кезегінде оқу жұмыстарының сапасына оң ықпалын тигізді. Нәтижесінде институт оқу жетістіктерін сырттай бағалауы бойынша өте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, Ақтөбе облысының барлық жоғары оқу орындарынан озық шықты.

Профессорлық-оқытушылар құрамын жасақтау және оның құрамның сапалылығын көтеру — бөлімнің күнделікті алдына қойған міндеті. Бұл үшін бөлім қызметкерлерінің айрықша кәсіби және адамдық қасиеттері, атап айтқанда еңбек заңнамасы бойынша білімділігі, төзімділігі, сабырлылығы, сонымен қатар адам псиохологиясының негізін түсінуі талап етіледі.

Біздің институттың кадр қызметіне әрқашан бастамашыл, іскер және өз уақытымен санаспай, бар күшін біздің ЖОО-ның кәсіби өзегін қалыптастыруға жұмсайтын ықыласты қызметшілер жинақталады.

 
05 08 09 10 04