Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Күндізгі оқу факультеті

Күндізгі оқу факультеті  – оқу үрдісін басқаратын негізгі орган, оның міндеті Қазақстан Республикасының ІІМ үшін жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған оқу орнының білім беру қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.

Факультет өз қызметін бірыңғай оқу кешені ретінде оқу орнының білім беру қызметін қамтамасыз ете отырып, кафедралармен және өзге құрылымдық бөліністермен бірге атқарады.

1998 жылы Ақтөбе заң колледжінде күндізгі оқуфакультеті құрылды.Факультет колледждің құрамдас құрылымы болып табылды және тікелей  оқу процесін жоспарлаумен, ұйымдастырумен және педагогикалық бақылаумен айналысты.Оның қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрықтарын, нұсқауларын, ережелерін басқа да нормативтік актілерін, институт бастығы мен оның бірінші орынбасарының бұйрықтарын, өкімдерін жүзеге асыруға бағытталған.

Күндізі оқуфакультетінің бастығы болып экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі   М.Ә.Тұрғанбаев қызмет жасады.Оның басшылығымен төмендегі әдіскер- оқытушылар қызмет атқарды:

  • аға оқытушы – әдіскер А.Е. Аманқұлов (1998 – 2005 жылдары);
  • оқытушы – әдіскер В.В. Заблоцкий(1998 – 2004 жылдары);
  • оқытушы – әдіскерБ.С.Машан(1999 – 2000 жылдары);
  • оқытушы – әдіскер М.К.Бектасов(1998 – 2003жылдары);
  • оқытушы – әдіскерА.Ж.Майданова(1997 – 1998жылдары);
  • педагогтік шеберлік кабинетінің бастығы Г.Ж. Қанатова(1998 – 2001жылдары);
  • 2002-2003 жылдары Р.У.Молдашев кабинет бастығының міндетін атқарды, 2003 жылы оқытушы-әдіскер болып тағайындалды.

2010 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институты болып қайта құрылғаннан кейін күндізгі оқу факультеті оқу процесін жоспарлаумен, ұйымдастырумен және педагогикалық бақылаумен айналысуын жалғастырды.

2010 жылғы 08 шілдеден 2010 жылғы  07 қыркүйекке дейін күндізгі оқу факультеті бастығының міндетін атқару полиция подполковнигі С.Л.Николаевағажүктелді.

2010-2012 жыл аралығында факультетті тарихғылымдарының кандидаты, полиция полковнигіС.Қ.Махмутовбасқарды.

2014-2016 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының магистрі полиция полковнигі А.Ж.Майданова басқарды.

         Қазіргі таңда күндізгі оқу факультетінде аға оқытушы-әдіскер полиция майоры А.А.Байболатова; аға оқытушы-әдіскер полиция майоры А.Галиуллина;оқытушы-әдіскер полиция майоры Д.Ж. Усенов;оқытушы-әдіскер полиция майоры Т.Ж.Елемесов;оқытушы-әдіскер полиция капитаны Ж.Ж.Аксакова қызмет атқарады.

Күндізгі оқу факультетінің негізгі міндеттеріоқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және келесі міндеттерде кіреді:

  • жұмыс жоспарларына сәйкес семестрлік пәндердің өту кестесін дайындайды;
  • аудиторлық қор тізімін анықтайды, оның оқу үрдісінде пайдалануды ұйымдастырады;
  • кезекті оқу жылына профессорлық-оқытушылық құрамының штаттық кестесін кадр аппаратымен бірігіп құрады;
  • жаңа оқу жылына педагогикалық жүктеме есебін құрады және олардың орындалуы туралы есеп дайындайды;
  • жұмыстық оқу жоспары мен сабақ кестесінің орындалуына бақылау жүргізеді;
  • курсанттардың аудиторлық сабақтары мен өзіндік дайындықтарының өткізілуін жүзеге асырады;
  • курсанттардың оқу сабақтарына қатысуын және үлгерімін бақылауды жүзеге асырады;
  • профессорлық-оқытушылық құрамының оқу жүктемесінің орындалуына бақылау жүргізеді;
  • оқу сабақтарының өткізілуіне педагогикалық бақылауды жүзеге асырады;
  • курсанттардың оқытушылармен өзіндік жұмысы меноның ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылауды жүзеге асырады.
 
04 03 11 01 02