Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Курсанттық ғылыми қоғам

Курсанттық ғылыми қоғамның мәжілісі : 25.02.2016

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  курсанттық ғылыми қоғамы – жүйелі түрде, мақсатты бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын және оқу бағдарламасын ойдағыдай алып жүретін курсанттарды біріктіретін ерікті ұйым.

КҒҚ курсанттардың ғылыми-зерттеу мүдделерін қанағаттандыруға және институттың ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуді қалыптастыруға бейімделген.

КҒҚ бірнеше басты мақсаттарға ие:

  • курсанттардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту;
  • ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру;
  • ЖОО-ның алдында тұрған өзекті ғылыми-тәжірибелік сұрақтарды шешу.

КҒҚ-ның құрылымы «Курсанттық ғылыми қоғам кеңесіне» ие, оның төрағасы, қоғамдықпен байланысты жүзеге асыратын төраға орынбасары, іс жүргізуге жауап беретін хатшысы бар. Сонымен бірге, курсанттық ғылыми қоғамның белсенділері жұмыс жасайды, оның құрамына институттың талантты курсанттары кіреді. Курсанттық ғылыми қоғамның бастапқы ұйымы кафедралық үйірмелер болып табылады.

КҒҚ құрамына 1-курста қабылдануға болады. Іріктеудің басты критериі  – үздік  немесе жақсы оқу  және ғылыми қызметпен айналысуға деген ынтасының болуы.

Институттың жалпы ғылыми бағыты және кафедралардың ғылыми бағыттары аясында жоғары оқу орнында түрлі конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізіледі. КҒҚ қызметтің аталған бағыттары бойынша қажетті барлық жұмыстарды  белсенді түрде жүргізеді.

2017 жылғы жағдай бойынша институт кафедраларында 1-2 курс бойынша 190 курсантты қамтитын  6 ғылыми үйірме қызмет етеді:

  • Әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасы – «Құқықтанушы» ғылыми үйірмесі;
  • Жалпықұқықтық пәндер кафедрасы – «Правовед» ғылыми үйірмесі;
  • Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы – «Әділет» ғылыми үйірмесі;
  • Жедел-іздестіру қызметі – «Начинающий оперативник» ғылыми үйірмесі;
  • Жалпы білім беру пәндері кафедрасы – «Полиглот» ғылыми үйірмесі;
  • Жалпы білім беру пәндері кафедрасы – «Инсайт» ғылыми үйірмесі;
  • Қылмыстық құқық және криминалистика кафедрасы –  «На службе следствия» ғылыми үйірмесі;

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысын ұйымдастыру бөлімі – «Молодой научный сотрудник» ғылыми үйірмесі.

 
09 03 02 09 DSC_0264