Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Волейбол жарысы

2018 жылғы 31 желтоқсанда «Жаңа жыл» мерекесін өткізу қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорт залында тұрақты және ерікті жалдамалы құрамы арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатында Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, институттың бастығы, з.ғ.к., полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.
Әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары жарыстың ережелерімен таныстырды.
Волейбол жарысына институттың тұрақты және ерікті жалдамалы құрамы арасынан 6 команда қатысып, ұтылған командалар ойыннан шығып отырды. Жарыста ең көп ұпай санымен 1-орынды «Астана» құрама командасы иеленді. Команда құрамында: институт бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қ.М.Манапбаев; штаб бастығы, полиция майоры А.Д.Иманов; оқытудың инновациялық технологиялармен техникалық құрылғылар бөлімінің бастығы, полиция капитаны А.Б.Тулеумухамбетов; оқытудың инновациялық технологиялармен техникалық құрылғылар бөлімінің инженер байланысшысы, полиция капитаны С.Б.Нұржанов; тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы, полиция капитаны З.А.Мухангалиева; киім-кешек қойма инспекторы М.С.Мақашев ойнады.
2-орынды «Барыс» құрама командасы иеленді. Команда құрамында: кәсіби және қосымша білім беру факультетінің бастығы, полиция полковнигі С.У.Гизатов; кәсіби және қосымша білім беру факультетінің аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры Д.Т.Тулеуов; кәсіби және қосымша білім беру факультетінің оқытушы-әдіскері, полиция майоры А.А.Кушкимбаев; күндізгі оқу факультетінің аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры Д.Ж.Үсенов; білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімінің аға инженер бағдарламашысы, полиция майоры О.С.Төлепберген; әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны Д.А.Дүйсембаева; әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы, полиция аға лейтенанты Н.А.Таласбаев ойнады.
3-орынды «Қорған» құрама командасы иеленді. Команда құрамында: 1 Б курсының бастығы, полиция майоры А.К.Егимбаев; 1 Б курсы бастығының орынбасары, полиция капитаны Н.Т.Нурманбетов; 1 Б курсы старшинасы, полиция аға сержанты М.К.Ергалиев; 1 А курсы старшинасы, полиция старшинасы Е.Ж.Буранкулов; 2 Б курсының бастығы, полиция майоры А.М.Маханов; 2 Б курсы бастығының орынбасары, полиция майоры Р.К.Ракишев ойнады.
Жарыстың соңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, з.ғ.к., полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев жеңіске жеткен командаларды мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Институттың ӘжДШД кафедрасының
аға оқытушысы
полиция аға лейтенанты А.Қ. Қосмұратов

 
06 SAM_2773