Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Талапкерлерге

БІЗДІҢ ИНСТИТУТҚА ОҚУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Біздің мекенжайымыз: Ақтөбе қ., 41-разъезд, Курсанттар тас жолы, 1
тел.: 8/7132/ 41-43-21, факс: 98-80-37, институт сайты: aui-aktobe.kz, эл. адрес: auk-aktobe75@mail.ru

Қабылдау шарттары

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ІІО-на кәсіби кадрларды даярлау мақсатында жоғары, орта арнаулы және жалпы орта білімі бар талапкерлерді «5В030300-Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша қабылдау жүргізеді. Білім беру бюджет негізінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарына оқуға қабылдау Ережесіне сәйкес оқуға түсу кезінде 16 жасқа толған, 25 жастан аспаған, медициналық, дене дайындығы және психологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Мектеп және колледж бітірушілерге (4 жылдық оқу мерзіміне)

ҰБТ-дан «Тарих» және «Адам. Қоғам Құқық» бейінді пәндері бойынша шекті деңгей балын жинаған мектеп бітірушілер немесе ТКТ-дан «Тарих» және «Адам. Қоғам Құқық» бейінді пәндері бойынша шекті деңгей балын жинаған алдыңғы жылы мектеп бітіргендер және колледж бітірушілер қатыса алады. Дене шынықтыру даярлығы бойынша қабылдау емтиханы жүргізіледі (төменде көрсетілген нормативтерге сәйкес).

Жігіттер үшін

Тест атауы Баға
Өте жақсы Жақсы Қанаға
1 100 м. жүгіру (сек.) 13,2 13,7 14,2
2 3000 м. жүгіру (мин/сек.) 12,30 13,0 14,0
3 Тартылу (тартылу саны) 13 11 9

Қыздар үшін

Тест атауы Баға
Өте жақсы Жақсы Қанаға
1 100 м. жүгіру (сек.) 16,0 16,5 17,0
2 1000 м. жүгіру (мин/сек.) 4,40 5,0 5,2
3 Кешенді күштік жаттығу 34 30 26

ОҚЫТУДЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ТҮРІ БОЙЫНША ӘҢГІМЕЛЕСУДЕ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРДЫҢ ШАМАМЕН АЛҒАНДАҒЫ ТІЗІМІ

(екі жылдық білім жүйесі)

Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы

1. Құқық қорғау органының қызметкері болып кім табылады?
2. Құқық қорғау қызметі дегеніміз ол?
3. ҚР құқық қорғау органдарына қандай органдар жатады?
4. ҚР құқық қорғау қызметіне түсу қалай жүзеге асырылады?
5. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қалай жүзеге асырылады?
6. Күндізгі оқу нысаны бойынша оқу бітірген қызметкерлердің құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің міндетті мерзімі қандай?
7. Құқық қорғау органдарының қатардағы, кіші, орта және аға басшы құрамдары қызметіне қабылдануының шекті жасын көрсетіңіз?
8. Құқық қорғау органдарына қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына бірінші рет тұратын адамдар қандай оқытудан өтеді?
9. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет тұрған адамдарға қандай сынақ мерзімі белгіленеді?
10. Құқық қорғау органдары қызметіне тұратын қандай адамдар Ант қабылдайды?
11. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қандай арнаулы атақтар беріледі?
12. Құқық қорғау органдарында арнаулы атақтар, шендерде еңбек сіңіру мерзімдерін көрсетіңіз?
13. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің аттестаттауы болып не табылады?
14. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кезектен тыс аттестаттауы кімнің шешімі бойынша өткізіледі?
15. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртібі болып не табылады?

Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңы

1. Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңы қашан қабылданды?
2. Қандай органдар ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды?
3. Қандай орган ішкі істер органдарының біртұтас жүйесі болып табылады?
4. Жергілікті полиция қызметінің құрамына қандай бөліністер кіреді?
5. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызмет өткеру тәртібі мен шарттарын қандай заң айқындайды?
6. Ішкі істер органдарының алдында қандай міндеттерді жүзеге асырады?
7. Ішкі істер органдары қызметінің қағидаттары қалай жүзеге асырылады?
8. Әкімшілік полициясы қандай субъектілерден тұрады?
9. Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және таратуды кім жүзеге асырады?
10. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына кім тағайындайды және босатады?
11. Жергілікті полиция қызметі қандай бағыттармен жүзеге асырылады?
12. Ішкі істер органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде қандай тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады?
13. Ішкі істер органдарында кадрлар даярлауды қандай мекеме жүзеге асырады?
14. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары қандай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі?
15. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеке адамдардың құқықтарын уақытша шектейтін әрекеттері қандай сөздерді айта отырып жасалады?

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз (ҚР 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VI Заңымен өзгеріс енгізілд)

1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет болып табылады?
2. Халық өз билігін қалай жүзеге асырады?
3. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?
4. Қазақстан Республикасында азаматтықтан айыруға жол беріледі ме?
5. Өлім жазасы заңмен белгіленеді ме?
6. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары шектелуі мүмкін бе?
7.Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлерге қандай талаптар қойылады?
8. Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады?
9. Парламент депутаттарының өкілеттік мерзімі қандай?
10.Қазақстан Республикасының Үкіметі кімнің алдында жауапты?
11.Қазақстан Республикасының Үкіметі кімнің алдында өз өкілеттігін доғарады?
12. Жергілікті атқарушы органды кім басқарады?
13.Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі қандай жағдайда тоқтатылады?
14. Жергілікті өкілді органдар болып табылады?
15.Мәслихат депутатына сайланатын үміткерлерге қандай талаптар қойылады?

ҚОСЫМША СҰРАҚТАР:

1.Заң шығару бастамасы құқығы қайда жүзеге асырылады?
2.Парламент қандай заң актілерін қабылдайды?
3.Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қанша мүшеден
тұрады?
4.Қазақстан Республикасында сот төрелігін кім жүзеге асырады және
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде кімге немесе неге бағынады?
5.Сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер, өкілеттігі қай
органға берілген?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

1. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам кім болып табылады?
2. Лауазымды адам кім болып табылады?
3. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?
4. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны кім ұсынады?
5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық ұғымын қалай түсінесіз?
6.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу дегенді қалай түсінесіз?
7.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қолданылу аясы қандай?
8. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды кімдер жүзеге асырады?
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсатын қалай түсінесіз?
10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың міндеттерін атаңыз
11. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» ұғымы дегеніміз не?
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру дегеніміз не?
13. Мемлекеттiк функцияларды орындауда лауазымдық тұлғаларға қандай ақылы қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салынады?
14. Мемлекеттік органдарда кімдермен бірге қызмет (жұмыс) істеуге жол берілмейді?
15. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды кімдер жүргізуге міндетті?

Оқу-тәрбие жұмысы

Институт курсанттарымен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы қажетті теориялық білімдерінің, халқына және мемлекетке шынайы қызмет етуінің, жеке және кәсіби міндеттерінің, жоғары тұлғалық құндылықтарының, кәсіби қабілетінің және іскерлігінің қалыптасуына бағытталған.

Оқу бағдарламаларын орындауды ұйымдастыру және бақылау, сонымен қатар курсанттардың сапалы білімін бақылау күндізгі оқу факультетімен және басқа да оқу бөліністерімен жүзеге асырылады.

Заңдылық пен тәртіпті нығайту тәрбие жұмыстары тікелей тәрбие жұмысы бөлімімен, оқу-саптық бөлінісімен, оқу топтарының кураторларымен, жүзеге асырылады.

Жыл сайын курсанттар республикалық, аймақтық және облыстық ғылыми-теориялық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға, спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Сабақтан тыс уақытта мәдени, спорттық іс-шараларды өткізу, Ақтөбе қаласының көрнекті жерлерімен таныстыруға шығуды ұйымдастыруға бағытталған.

Құжаттарды жинау және оқуға жолдама алу үшін облыстық және Көліктегі ІІД-не хабарласуларыңызға болады.

 
01 06 07 05 IMG_9576