Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Алматы төріндегі тартысты Чемпионат

2019 жылдың 12-15 наурыз аралығында Алматы қаласында әскери жоғары оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары арасында қоян-қолтық ұрысынан республикалық турнир өткізілді.

Жарысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының Гимнін ілтипат-пен орындады.

Жарыстың 1-кезеңінде қатысушы командалардың курсанттары мен тыңдаушылары 9 салмақ дәрежесі бойынша қарусыз және қару қолданумен жасалған шабуылдан қорғану әдістерін көрсетті. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары өздерінің жігерлілігімен, жақсы техникалық дене дайындықтарын көрсете білді.

Жарыстың 2-кезеңі қоян-қолтық ұрыс жарысымен жалғасты. Аталған жарыста 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 3-орынды 2 «А» курсы 205-оқу тобының курсанты Д.Пернебек иеленсе, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 3-орынды 2 «А» курсы 203-оқу тобының курсанты Ә.Унайбаев иеленді. Сонымен қатар, «жеңіске деген құштарлық танытқаны үшін» 1 «А» курсы 104-оқу тобының курсанты Ә.Саймағамбетов диплом-мен және кубокпен марапатталды.

Жарыс әуенмен жақсы көңіл-күйде өтіп, жеңімпаздар дипломмен, медельдармен және кубоктармен марапатталып, естелік суретке түсумен салтанатты түрде аяқталды.

ӘжДШД кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция подполковнигі

А.А. Мергалиев

2 «А» курсының бастығы

полиция подполковнигі

М.М. Ешманов

 
16