Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ата-ана мен бала қарым-қатынасы арқылы балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид пен қудалаудың алдын-алу» семинар-тренингі

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін институттың оқу-әдістемелік орталығы «Ақтөбе Дамуы» қоғамдық қорының директоры Ж.А.Кадырова және осы қордың психологі А.Н.Бисенғалиевамен бірлесіп, институт қызметкерлері, 2 «А» және 2 «В» курсанттары, сонымен қатар біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары үшін семинар-тренинг өткізді.

Семинардың мақсаты – аудиторияны жеке немесе топтық жұмыстарға дайындау және суицид пен қорлаудың алдын-алу бойынша кеңес беру.

Оқу семинары бір уақытта үш аудиторияда өтті, қатысушылар тренингке белсенді қатысты, топпен жұмыс жасады, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Осы уақыт ішінде оқытушылар бір уақытта аудиториялармен алмасты.

Бұл тренинг – бір уақытта бірнеше санаттар мен тыңдаушылар қабылдаған ақпаратты барынша қамтуға ықпал ететін жаңа оқыту әдістемесі. Семинар үш ортада өтті, оған орта жалпы білімнен кейінгі курсанттар, жоғары заңгерлік білімі жоқ курсанттар және ІІО қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері қатысты.

Тренингтің қорытынды бөлімінде ұйымдастырушылар қатысушылармен бірге плакаттар түрінде тиісті ұсыныстар әзірледі.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар, шақырылған қонақтарға алғысхаттар табысталды.

ОӘО оқытушы-әдіскері

полиция майоры

А.А.Сағынтаева

 
03 SAMSUNG CSC