Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақпарат

2017 жылғы  ақпан айының  05 мен 18  аралығында  МКҚБ батальондарының командирлері, командирлердің орынбасарлары «МКҚБ бөліністерінде кадр қызметінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында біліктілікті арттыру   курсын  оқып,  аяқтады.

Біліктілікті арттыру курсында оқу процесі бекітілген оқу және тақырыптық  жоспарлары негізінде өткізілді.

2017 жылдың  09 ақпанында  біліктілікті арттыру  факультетінің аға оқытушы-әдіскері  полиция майоры А. Сагынтаева  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауын тыңдаушыларға насихаттау жұмысын өткізді.

Тыңдаушылардың оқу бағдарламасын тәжірибемен байланыстыру үшін Ақтөбе  қаласының  құқық  қорғау органдары мен өзге де  мекемелеріне тысқа шығу сабақтары ұйымдастырылды. Мысалы, «Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі» кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М. Избасов Ақтөбе облыстық ІІД жедел басқару орталығына және Ақтөбе облысы МКҚБ апарып оның жұмыстарымен таныстырып, тәжірибе алмасу мақсатында шығу сабақтарын өткізді. Сабақ барысында оларға жаңа техниканың жетістіктері мен қызметтік  мүмкіндіктері  туралы  кең  мағлұмат берілді.

Сонымен қатар, МКҚБ батальондарының командирлері, командирлердің орынбасарлары санаты бойынша келген тыңдаушылар өздерінің біліктілігін арттырып қана қоймай,  сабақтан тыс уақытта арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына тәжірибелі қызметкер ретінде сабақ өткізді. Олар: Қостанай облысы МКҚБ батальон командирінің орынбасары полиция майоры Махашев Мусагали Аханович, Қазақстан Республикасы ІІМ Дипломатиялық Өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің батальон командирі полиция майоры Макажанов Куаныш Казыбекович, Оңтүстік Қазақстан облысы МКҚБ батальон командирі полиция майоры Еділ Серік Полатұлы.

Сабақтан тыс уақытта біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары  МКҚБ келген ІІО қатардағы және кіші басшы құрам лауазымына үміткер арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен кездесіп олармен тәрбие сағаттарын өткізді.

КжҚБФ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Д. Тулеуов және ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы полиция подполконигі А.Каримбаева «Сөйлеу мәдениеті» тақырыбына біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларына тәрбие сағатын өткізді. Онда көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және стандартты емес жағдайда конструктивтік диалог құру туралы мәселелер қозғалып, тыңдаушылар тәжірибелік тапсырмалар орындады.

2016 жылдың 08 ақпанында біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары  және  институттың басшы құрамының қатысуымен волейбол спорттық ойынынан командалық жарыс өтті. Тыңдаушылар сабақтан тыс уақытта институттың жалпы кітапханасында дайындалуымен қатар, олар облыстық Т. Ахтанов атындағы драма театрына «Есігімді қаққан кім» атты қойылымды тамашалауға барды, Кеңес одағының батыры  А. Молдағұлова атындағы мұражайға және батырдың ескерткішіне тағзым етіп, Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Тыңдаушылар оқу курсы аяқталған соң өткізілген тақырыптардың аясында кешенді емтихан тапсырды. Тыңдаушыларға курсты толық оқып аяқтағандығы жөнінде сертификат берілді.

 
DV39LRyaQ8g