Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе қаласы №24 линвистикалық мектеп-гимназиясының 10-11 класс оқушыларына «Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықты алдын-алу» тақырыбына байланысты шеберлік класын өткізу туралы ақпарат

Бұл шара Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының апталығы аясында және 2019 жылға (№3 қосымша) арналған Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысының жоспарына сәйкес өткізіліп отыр.

2019 жылдың 28 ақпанында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Қ.А. Бүркітбаев пен полиция майоры А.С. Тайшыбаева Ақтөбе қаласы №24 линвистикалық мектеп-гимназиясының 10-11 класс оқушыларына  шеберлік класс өткізілді. Бұл шарада жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықты алдын-алу, сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі тергеу әрекеттерін өткізуді қалыптастыру, заңды өкілді қатыстыру сұрақтары қарастырылды. Жасөспірімдерге қатысты қорқытып алу әрекеті бойынша қылмыстық істі тергеу және жазалау шаралары тақырыбына байланысты бейне фильм көрсетілді.

Шебер-класс жоғары деңгейде өтті, жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықты алдын-алу және жолын кесуге байланысты көптеген сұрақтар қарастырылды.

Қылмыстық процесс және
криминалистика кафедрасы
бастығының м.а.
полиция подполковнигі                                               
Н.Т. Саханова