Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілігін арттыру курстары тындаушыларына тәжірибе қызметкерін қатыстыра отырып дәрістер өткізу туралы

2019 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М. Бөкенбаев атындағыАқтөбе заң институтындаҚазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында «Көліктегі қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл» тақырыбында біліктілікті арттырукурсыныңКПД жедел бөлімшелерінің қызметкерлері үшін,Ақтөбе станциясындағы ЖПБ бастығы полиция полковнигі С.Ж.Сарсенов және Ақтөбе станциясындағы ЖПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Д.Н.Таскенов «Азаматтардың жеке меншігі мен тауарларды жылжымалы құрамнан және теміржол көлігінен ұрлауды алдын алу мен ашу», «Есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және оған қарсы күрес тактикасы» тақырыбында дәрістерін өткізді.

Дәріс барысында С.Ж.Сарсенов қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ тауарлар мен жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ЖПБ қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне назар аударды.

Полицияполковнигі С.Ж. Сарсеновтің пікірінше, теміржол көлігінде жиі кездесетін қылмыстар қатарындаұрлықтар және есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстары болып табылатынын атап өтті.Бұның себебі ретінде, теміржол бағыттарының едәуір ұзындығымен, теміржол көлігінің тәулік бойы жұмыс істеуімен, тасымалданатын тауарларды өңдеуге арналған көптеген технологиялық операциялардың және тауарлы-материалдық заттардың көп мөлшерінің теміржол көлігі объектілеріне бағытталуымен байланыстырады.

Дәріс барысында Ақтөбе станциясындағы ЖПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасарыД.Н.Таскенов жылжымалы құрамнан тауарлардың ұрлануын тергеу әдістемесі мәселелеріне толығырақ тоқталып, дәлелдемелерді қамтамасыз етудің, тергеу әрекеттері мен тексерулердің процедуралық аспектілеріне тоқталды.

Дәріс мазмұнды өтіп, тәжірибеден мысалдар келтірілді. Біліктілікті арттырукурсының тыңдаушылары қызығушылық танытып, әңгімеге белсене қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Дәрістің соңындаполиция полковнигі С.Ж. Сарсенов қорытынды жасап, бірқатарұсыныстар жасалды.

Ақтөбе станциядағы ЖПБбастығыполиция полковнигі С.Ж.Сарсенов, тәжірибеге бағытталған дәрістер сабақтарын өткізу және ЖПБ-нің оң тәжірибесін зерделеу жедел қызметкер мен курсанттарының, сонымен қатар олардың үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететіндігін атап өтті.

ЖІҚ кафедрасының бастығы

полция майоры

Қ.Е.Қаратаев

 
IMG_9979