Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Волейбол жарысының өткізілуі туралы ақпарат

2019 жылдың 27 қыркүйегінде әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары мен институт бастығының кубогіна ішкі істер орган қызметкерлері мен Ақтөбе қаласының оқу орындарының қызметкерлері арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылып, өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар: бірінші орын – Т.Бигильдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтының командасы, екінші орын – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы, үшінші орын – Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназиясының командасы.

Сонымен қатар қатысушылар арасында келесідей номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Үздік шабуылшы» – Б.Мухамбеткали Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ командасы

«Үздік байланыстырушы» – А.Кенесов Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ командасы

«Үздік ойыншы» – А.Аделшен Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясыныңкомандасы.

Жүлдегерлерге грамоталар мен медальдар, ал жеңімпаз командаға кубок табыс етілді.

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

Н.Таласбаев