Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Запастағы полиция полковнигі Болат Қойшыбекұлы Каженовпен кездесу

2018 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы Запастағы полиция полковнигі Болат Қойшыбекұлы Каженовпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, 2018 жылғы 05 наурызда мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнап жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін, 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын және жалпы ІІМ жұмыс жүйесі туралы түсіндірді. Болат Қойшыбекұлы ІІО абыройлы қызмет атқарған әкесі туралы да айтты.

Кездесу барысындағы сұрақтарға запастағы полиция полковнигі қызығушылықпен жауап берді.

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитан

З.А.Мухангалиева

 
IMG_9602