Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ИНСТИТУТТАҒЫ ЖАС ЖАУЫНГЕРЛЕР КУРСЫ

     Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты-еліміздегі ең танымал білім ордасы. Мұнда 16 жасқа толған және 25 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Бүгінде институтымызға жан-жақтан келіп түскен курсанттар арасында ,, Алтын белгі ’’ медалімен және үздік аттестатпен бітіргендерде аз емес. Әсіресе әр жыл сайын институтымызға түсетін курсанттар саны артуда. Ең бастысы институт түлектері бітіргенде ,,Құқық қорғау’’ мамандығын алып, ,,Полиция лейтенанты” арнайы шені беріліп және ішкі істер органының аумақтық бөлімшелеріне міндетті түрде жұмысқа алынады.

     Бірақ институтымызда талапкерлерді қабылдағаннан кейін оқу басында жас жауынгерлер курсы өтеді.

     Талапкерлерді қабылдау 2017 жылдың маусым айының 6-сы мен 13-і аралығында өткізілді. Енді мандаттық комиссияның оң шешімінен кейін 17-ші тамыз бен 31-ші тамыз аралығында оқуға түскен талапкерлер оқу-дала лагерінде 15 күндік жас жауынгерлер курсынан өтті. Ендігі уақытта 15 күнге келген курсанттар курсанттық өмірдің мәнін, әскери жарғыларды жаттап алып, жауынгерлік әдіс-тәсілдерді үйреніп барынша жаттықты. Жас жауынгерлер курсында курсанттардың саптық дайындығына көп көңіл бөледі. Онда саптық жүрістер, әскери сәлемдесу, орында тұрып бұрылу әдістерін үйренеді. Бұған үлес қосып отқан әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасы болып табылады.

Н.А.Таласбаев

ӘжДШД кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

 
14