Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институт курсанттарының Жаңа жыл мерекесі

2018 жылғы 31 желтоқсанда институт курсанттары институт асханасына Жаңа жыл мерекесіне арнап мерекелік дастархан жайып, мерекені жақсы көңіл-күймен қарсы алды.
Аталған іс-шараға институт бастығының орынбасары полиция полковнигі Қ.М.Манапбаев, 2 А курсының бастығы полиция подполковнигі М.М.Ешманов, 1 Б курсының бастығы полиция майоры А.Қ.Егимбаев, 1 А курсы бастығының орынбасары полиция капитаны Ш.Т.Ельтаев, тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны З.А.Мухангалиева, 1 Б курсы бастығының орынбасары полиция капитаны Н.Т.Нұрмамбетов, тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны Г.Б.Ибыжанова, 204 оқу тобының жетекшісі полиция капитаны Ж.Қ.Қайырбаев, тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Б.С.Елеусизов, 101 оқу тобының жетекшісі полиция аға лейтенанты Н.А.Таласбаев, 1 А курсының старшинасы полиция старшинасы Е.Ж.Боранқұлов, 2 А курсының старшинасы полиция аға сержанты А.Қ.Намазбаев қатысты.
Мерекелік шара кезінде институт бастығының орынбасары полиция полковнигі Қ.М.Манапбаев курсанттарға ізгі тілектерін білдіріп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Курсанттар ән айтып, конкурстар ұйымдастырып көңіл көтерсе, Аяз Ата мен Ақшақар белсенді курсанттарға сыйлықтар берді.

ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева