Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Кетпейді естен, Ауғанның от жалыны» атты әскери-патриоттық әндер байқауы

9.02.2019

2019 жылғы 8 ақпанда Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Студенттер сарайында Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Ақтөбе қаласының ЖОО студенттері мен  курсанттары арасында «Кетпейді естен, Ауғанның от жалыны» атты әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. Аталған іс-шараға ауған соғысының ардагерлері шақырылды.
Байқауға Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің, С.Бәйішев атындағы АУ-нің, Қазақ-орыс халықаралық университетінің, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының курсанттары мен ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ курсанттары қатысты.
Байқау екі кезеңнен тұрды, бірінші кезең – әскери әндер байқауы, екінші кезең – патриоттық әндер байқауы.
Бірінші кезеңде біздің институттың курсанттары Назым Айдосқызы мен Александра Ковалева «Кукушка» әнін орындаса, екінші кезеңде «Атамекен» әнін шырқады.
Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының курсанттары иеленсе, екінші орынды С.Бәйішев атындағы АУ-нің студенттері, үшінші орында  ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ курсанттары иеленді.

ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева

 
DSC01991 IMG-20181025-WA0007 IMG_6238 IMG_2165 DSC_1595