Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мәдени-бұқаралық мереке

2017 жылғы 25 қазанда ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері мен курсанттары  Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филормониясында «Екі езу» әзіл-сықақ театры майталмандарының ұсынған комедиялық қойылымдарын тамашалап қайтты.

Концерттік бағдарлама өтімді әзіл мен сықақтан құралған шағын қойылымдар топтамасынан тұрды. Бір қызығы, көрермендердің дені біздің институт қызметкерлері мен курсанттары болғандықтан, әзіл арасында институтымыз орналасқан 41-разъезд ауданы да айтылды. Бұл ретте   біздің кызметкерлер мен курсанттар бір марқайып қалды.

Бағдарлама аяқталған соң, көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан бастаған «Екі езудің» өнерпаздары көрермендерге уақыттарын бөліп,  келгендері үшін шексіз алғыстарын білдірді. Осындай адам жан дүниесіне көтеріңкі көңіл күй мен уақыттарына қызықты сәт сыйлайтын комедиялық қойылымдардан құралған мәдени шара курсанттарымыздың рухани көкжиегін кеңейтіп, кемелденуіне үлес қосары сөзсіз.

Екі сағатқа созылған қойылымдардан институт қызметкерлері мен курсанттар әзілге қарық болып, көтеріңкі көңіл күймен тарқады.

 

ТЖБ инспекторы

полиция лейтенанты

Б. Елеусизов

 
SAM_2770 DSC01897