Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Отан неден басталады?

12.04.2019

2019 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының акт залында «Рухани жаңғыру» елді дамыту бағдарламасын орындау аясында Ақтөбенің 150-жылдығын мерекелуге арналған іс-шара ұйымдастырылды. Мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылына, қалаң мен өңіріне, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айырықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Туған жерге сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деген сөзін басшылыққа ала отырып, кафедра бастығы полиция полковнигі А.Ф.Саттарова «Отан неден басталады?» баяндамасын оқыды. Баяндама кезінде Ақтөбе облысының тарихы туралы біршама кезеңдерінен фото және слайдтар көрсетіліп, біздің өлкеміздегі тарихи ескерткіштер орындары айтылды. А.Ф.Саттарованың баяндамасында қатысушылардың қызығу-шылықтарын туғызған, бұрын естімеген тарихи фактілер мен ақпараттар жеткізілді. Баяндама өз туған өлкеміздің тарихын терең оқып, табиғи және тарихи қонақжайлығын көруге арманын оятты. Одан әрі  концерттік бағдарламаға 1 А курс курсанттары – қатардағы полиция Н.Айдосқызы, Н.Алимгали, А.Қаиржан, А.Сарсенғали, Т.Сайляуов, А.Ковалева, Е.Дайрабай, Ж.Ибрахимова, Ғ.Шамурова, Д.Сабырова, Р.Кузнецов қатысты.

Институт басшылығы тарапынан өткізілген іс-шараға ЖОО жеке құрамын патриоттық және жоғары адамгершілік сезімге тәрбиелеуге бағытталған деп жоғары бағалады.

 
DSC_0105 DSC_0126 02201029 03156159 SAM_3078