Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлерін біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы

17.08.2019

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы  № 22  «Арнайы бастапқы оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының 2019 жылға арналған жоспар-кестелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында  2019 жылғы 05-17 тамыз аралығында патрульдік полиция батальонының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Біліктілігін арттыру курстарында оқу процесі оқу және тақырыптық жоспарларға сай жүргізілді.

Оқу бағдарламасын тәжірибемен ұштастыру мақсатында құқық қорғау органдарына шығу сабақтары ұйымдастырылды. Атап айтқанда: 2019 жылғы 08 және 13 тамыз күндері әкімшілік құқық және ішкі істер органындағы әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі      М.Избасов  тыңдаушылармен Ақтөбе облысы ДП ЖПҚ барып, аталған қызметке байланысты нормативтік құқықтық актілермен танысты.

Тыңдаушылар сабақтан бос уақытта институттың кітапханасында өздеріне қажетті материалдармен танысса, оларға патриоттық тұрғыдан тәрбие беру мақсатында Есет батыр атындағы мемориалдық кешенге, Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрына, А. Молдағұлова атындағы облыстық мұражайға, институт мұражайына апарылып, Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған Мәңгілік алауға, Кеңес Одағының батыры  А. Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Біліктілігін арттыру курсы аяқталған соң тыңдаушылар емтихан тапсырып, курсты аяқтағандығы туралы сертификат алды.

ҚПжК кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі                                             

Қ.А. Бүркітбаев

 
003 02137073 IMG_9417 IMG_0272 DSC_1479