Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Рухани жаңғыру — мәңгілік тіл» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2018 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен «Рухани жаңғыру — мәңгілік тіл» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Шараға қаламыздың мемлекеттік мекемелерінің, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің бірінші бөлімінде «Үштұғырлы тіл — әлемтану көпірі» тақырыбы аясында сөз қозғалса, екінші бөлімінде «Жаңа әліпби: міндеттер және атқарылған жұмыстар» тақырыбының төңірегінде әңгіме өрбіді. Институттың мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы Ж.Нурмухамбетова аталған шарада баяндама оқыды. Барлық сұрақтар талқыланып болған соң,  бірнеше тіл мамандарына алғысхаттар мен кітаптар табысталды. Сонымен қатар, қатысушыларға үш тілде жарияланатын балаларға арналған «Күншуақ», «Тілашар» журналдарының соңғы сандары және оқу-әдістемелік құралдар мен кітаптар таратылды.

 

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесінің бастығы Ж.Б.Нурмухамбетова