Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Тіл — рухани күретамыр» атты тіл апталығының ашылуы

2019 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күніне орай тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту, мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру және үш тұғырлы тіл саясатын дамыту мақсатында мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі және 2 Б курс курсанттарымен ұйымдастырылған «Тіл —рухани күретамыр» атты тіл апталығының ашылу салтанаты өтті.

Кешті институт бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы полиция полковнигі Аслан Жолашұлы Сейтенов алғы сөзімен ашты. Курсанттар патриоттық әндер шырқап, үш тілде өлеңдер оқыды, институттың тұрақты және ауыспалы құрамын апталық жұмысына атсалысуға шақырды.

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі