Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тәжірибелі қызметкерлерді тартумен өткізілген тәжірибелік сабақ

2018 жылғы 27 сәуірде жалпы білім беру пәндері кафедрасы апталығының аясында кафедра бастығы полиция полковнигі Ә.Ф.Саттарова біліктілігін арттыру курсының  тыңдаушылары Республика облыстарының ІІД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің қызметкерлеріне   ІІО-ның тәжірибелі қызметкерлерін тартып, тәжірибе сабағын өткізді.

Сабаққа Ақтөбе облысының ІІД КЖБ психолог-қызметкерлері полция капитаны О.Н.Хаецкая, Д.С.Аскарова және институттың психолог-инспекторы М.Р.Исламгалеева шақырылды.

Сабаққа тартылған психологтар полиция қызметкерлерінің арнайы психологиялық дағдылары мен қабілеттерін дамытуға арналған әртүрлі  санаттағы азаматтармен психологиялық байланысты орнатуға, заңды оң  психологиялық әсер етуге, өзіне деген сенімділікті ұлғатуға, психологиялық стерсті босатуға бағытталған тренинг ұйымдастырылды.

Біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындады. Сабақ соңында психологтар психологиялық білім мен дағдыларын жетілдіру бойынша кеңестер беріп, сұрақтарға жауап берді.

Жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы полиция полковнигі Ә.Ф.Саттарова институт басшылығының атынан О.Н.Хаецкаяға, Д.С.Аскароваға, М.Р.Исламгалееваға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен денсаулық тілеп, алғыс хаттар табыстады.

 
03070232 LIS_5633-392xx294