Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ф.Оңғарсынованың 80-жылдығына арналған әдеби кеш

2019 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында тіл апталығығының аясында мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі оқу саптық бөлімінің 3 «А» курсымен бірлесе отырып, ақын Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Поэзия падишасы» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Кешті институт бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы полиция полковнигі Сейтенов Аслан Жолашұлы алғысөзімен ашты. Курсанттар мен қаламыздағы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназияның оқушылары мен жас кадеттер ақын өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, сахналандырған қойылымдар көрсетті.

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі