Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өткізілген шебер класс

2019 жылғы 28 ақпанда сағат 14.30-16.00 аралығында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы және дәрістер мен білім және ғылым саласындағы тәжірибе алмасу аясында Орынбор мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы және конституциялық құқық кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елена Ивановна Максименко жаңа бастаушы оқытушылар мектебінің қатысушыларына «Құқықтық оқыту: құқықтық білімдегі мәні мен орны. Құқықтану әдістерін оқыту әдістемесі» тақырыбына шебер класс өткізді.

Шебер класс барысында келесі мәселелер талқыланды.:

1.Құқықтық білім: мәні, мақсаттары мен функциялары. Құқықтық білімнің мазмұны, насандары және деңгейі.

2.Құқықтық тәрбие түсінігі және мәні. Құқықтанудың нысандары, әдісі және деңгейі.

3.Құқықтану әдісінің, әдіснамасының және оқыту әдістерінің ұғымы. Құқықтанудың жіктеу әдістері.

4.Құқықтану сабақтарын ұйымдастырудың нысандары: түсінігі, жіктелуі.

5.Құқықтанудың жеке және жеке топтық нысандары. Оқу орындарында құқықтық тәрбие берудің негізгі нысандары: тұжырымдамасы және түрлері.

6.Білім алушылардың өзіндік жұмысының негізгі нысандары, құралдары мен әдістері.

Елена Ивановна жас оқытушының уақытты қаншалықты тиімді өткізіп, курсанттарға оқу сабақтарының барлық материалдарын беруге болатынын айтты.

Сағат 16.00 мен 17.30 аралығында Е.И. Максименко және институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Г.Ж. Сулейманова жас ғалымдар мен мамандар үшін сабақ өткізді. Онда қалай мақала жазуды, оқулық пен ғылыми басылымның арасындағы айырмашылықты, Ресей Федерациясының Scopus және ThomsonReuters журналдарына ғылыми жұмстарды қаай жариялауға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ жас ғалымдар мен мамандар Орынбор мемлекеттік университетінің аспирантурасына түсу үшін не істеу керектігін сұрады.

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы

 полиция подполковнигі З.Нұрыш

 
03280183