Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Что?Где?Когда?» халықаралық интеллектуалдық сайыстың өтуі

2018 жылғы 05 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және институттың ҒЗжРБЖҰ бөлімімен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 10 қаңтар 2018 жылғы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» ғылыми-теориялық халықаралық конференциясы бағдарламасына сәйкес, ғылыми-тәжірибелік заңгер  мектебі халықаралық «Что?Где?Когда?» интеллектуалдық сайысы өткізілді. 

           Ойынға  7 команда қатысты, оларҚазақстан Республикасы ЖОО кусанттары мен студенттері, атап айтқанда Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік университетінің студенттері командасы–«ОГУ»,Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттері командасы –«ЮРИСТЫ ХХI ВЕКА», Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты курсанттары командасы–«АВИАТОРЫ», Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есбулатов атындағы Алматы академиясы командасы –«ЗАҢГЕР»,Қазақстан Республикасы ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы командасы–«ЮНЫЙ СЛЕДОВАТЕЛЬ», Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы командасы– «АРЫСТАН» және Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты күндізгі оқу факультетінің 1 курс курсанттары командасы–«БІРЛІК».

  Ойын барысында әділ қазылар алқасы ретінде №1 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Алмагул Екибаевна Султангалиева, «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығының» медиаторы Турсын Кенжебаевна Идрисова, ІІМ ардагері, ардагерлер кеңесінің мүшесі Санабай Рзабекұлы Рзабеков, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Дмитрий Адамович Довматенко және Ресей Федерациясы ІІМ Краснодар университетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны Максим Владимирович Хомутов төрелік етті.

           Бағдарлама тәртібіне сәйкес ойын 5 турдан тұрды:

1–тур: «Командаларды таныстыру» командалардың өз эмблемаларын және команда ұранын ұсыну.

2–тур: «Блиц-сұрақтар», бейне сұрақтар (халықаралық құқық, конституциялық құқық және адам құқығы бойынша Ресей Федерациясы ІІМ Екатеринбург қаласы Урал заң институтының Конституциялық құқық кафедрасының бастығы заң ғылымдарының кандидаты Елена Валерьевна Богатовамен онлайн-режимде сұрақ қойылып, институттың LED экраннан көрсетілді, сонымен қатар, қатысушы командаларға институттың басшылығы, профессорлық – оқытушылық құрамы  видеосұрақтар қойды).

3–тур: «Капитандар сайысы» (мемлекеттердің ту белгілерін ажырату және білу),

4–тур: «Үй тапсырмасы» («Не?Қайда?Қашан?» БҰҰ адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы шеңберінде).

5–тур: «Музыкалық сайыс» («Менің Отаным» тақырыбында).

           Интелектуалдық ойынның өткізілу мақсаты – болашақ заңгерлермен құқық нормасын зерттеу, конституциялық құқық, адам құқығы басқа да заң саласы бойынша кәсіби білімдерін көтеру, азаматтық және патриоттық тәрбиелеу және оларды күнделікті қызметте қолдана білу.

Интелектуалдық ойынның барлық қатысушылары жақсы білімдерін және теориялық дайындықтарын аталған конкурста тәжірибе ретінде көрсете білді.

Ойынға қатысушылар 1,2 және 3-дәрежелі алғысхаттармен марапатталды, яғни 1–орын алған «Бірлік» командасы Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, 2-орын алған Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты «Авиатор» командасы және 3-орын алған Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Юристы ХХI века» командалары «Что?Где?Когда?» интеллектуалдық ойынының символы болып табылатын естелік сыйлық үкісімен марапатталды, қалған ойынға белсене қатысқан командалар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «На пороге 21 века» естелік кітабымен   марапатталды.

Сонымен қатар, жекелеген «Үздік капитан» номинациясы бойынша «ОГУ» командасының капитаны естелік қолсағатымен, «Үздік музыкалық сайыс» және «Үздік үй тапсырмасы» номинациялары бойынша «Авиатор» командасы дипломмен марапатталды.

 

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі

З.З. Нұрыш