Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ІІО-ның криминалистері сот төрелігі қызметінде» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілуі туралы

2019 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты базасында ІІО-ның жедел криминалистикалық қызметінің 100 жылдығына және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «ІІО-ның криминалистері сот төрелігі қызметінде» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментімен және Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясымен бірлесіп өткізілді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ұйымдастырушылары — ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімі мен қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы.

Іс-шараға Ресей ІІМ Волгоград академиясының, Ресей ІІМ Орал заң институтының, Ресей ІІМ Барнауыл заң институтының, Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік университетінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Қазақстан Республикасы ҚМ Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының, Ақтөбе облысы прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақтөбе өңіраралық сот сараптамасы орталығының өкілдері сөйледі. Сонымен қатар, Ресей ІІМ Уфа заң институты, Ресей ІІМ Воронеж институты, Ресей ІІМ Нижегород академиясы онлайн байланыс жүйесінде қатысты.

Іс-шараны модератор — Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова ашты.

Кіріспе сөз Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Ақынғали Даутбайұлы Дәрменовке және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) полиция полковнигі Айдар Мұтәлікұлы Сайтбековке берілді.

Конференция халықаралық тәжірибе алмасу, практикалық органдардың криминалистикалық және сот-сараптама қызметі аясындағы мәселелерді талқылау мақсатында өткізілді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу аясында қонақтар мен қатысушылар жаңартылған қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы мен жаңа криминалистикалық полигонды және криминалистикалық зертхананы ашты.

Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Германия Федеративтік

Республикасының көрнекті ғалым-қайраткерлерінің, құқық қорғау жүйесінің тәжірибелік органдары қызметкерлерінің, мамандар мен сарапшылардың, оқытушылар мен құқықтанушы ғалымдардың ғылыми мақалалары енгізілген материалдар жинағы шығарылды.

Сонымен қатар, қорытынды кезеңде бекітілген ұсынымдар дайындалды және осындай бірлескен іс-шараларды Ақтөбе заң институты базасында, сондай-ақ шетелдік ЖОО базасында тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылданды.

Атап айтқанда, Ресей ІІМ Волгоград академиясынан 2019 жылғы қазан айында сараптамалық қызметтің әртүрлі санаттары бойынша бірлесіп жұмыс жасау үшін осы ЖОО-ға бару туралы ұсыныс түсті және 2019 жылғы қазан айында Орал заң институты Ақтөбе институтының қызметкерлерін көші-қон жөніндегі ғылыми зерттеудің бірлескен тақырыбы бойынша конференция жұмысына қатысуға шақырды, ал ал Орынбор мемлекеттік университетінен келесі бірлескен монографияны шығару туралы ұсыныс айтылды.

Шара соңында қатысушылар сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар, облыстық филармонияның солистері, институт қызметкерлері мен курсанттар хоры өнер көрсеткен мерекелік концертті қонақтарға тарту етті.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі                                 
А.Каримбаева

 
IMG_6192