Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қолдан қолға жалаушасы үздік топқа

     Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Д.А.Дәулетияровтың 2017 жылғы 05 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамын апта сайын сапқа тұрғызуда қолдан қолға өткізу жалаушасымен үздік оқы тобын марапаттау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік Туын көтеру құқығына институттың ауыспалы құрамы арасында сайыс өткізу ережесін бекіту туралы» №166 бұйрығына сәйкес институттың қоғамдық жұмысына араласатын, үлгерімі жоғары және тәртіптік жазаға тартылмаған курсанттарды арналған іс-шараны өткізу туралы Ереже құрастырылып, бекітілді. Қолдан қолға өтетін жалаушамен ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ курсанттары арасындағы бәсекелестікте апталықтың қорытындысы бойынша жеңімпаздар әр дүйсенбі күні (таңғы сапқа тұрғызуда) марапатталады.

     Бірінші болып 201-оқу тобының (2 курс), топ жетекшісі полиция майоры А.Абилова, 104-оқу тобының (1А курс), топ жетекшісі полиция аға лейтенанты Ж.Каирбаев, 103-оқу тобының (1Б курс) курсанттары марапатталды.