Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚОҒАМДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА «МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» ҚАҒИДАСЫ БОЙЫНША БЕЙІМДЕЛУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ

4.11.2017

2017 жылғы 03 қарашада қоғамда құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын құру негізіне арналған ұйымдастыру және тәжірибелік іс-шаралар жоспары негізінде жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Т.Ү.Илайков және жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры М.Д. Тулешев Ақтөбе қаласының экономика, статистика және информатика колледжі мен Ақтөбе қаласының техникалық колледжі базаларында 1 және 2 курс студенттерімен  кездесу өткізді. Кездесу барысында қоғамда құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын құру негізіне арналған дәріс оқылып, студенттерге тақырыпқа арналған брошюралар, буклеттер естелікке таратылды.

Сонымен қатар, оқытушылар тарапынан студенттерге кәсіптік бағдарлау мен болашақта полиция қызметкерінің мамандығын таңдаудан мағлұматтар және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына оқуға түсу мүмкіндіктері жөнінде толық ақпараттар берілді. Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша оқытушылардан толыққанды жауап ала алады.

 

ЖҚП кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

М.Д. Тулешев

 
01 11 09300034 IMG_3870 DSC01894