Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Әскери-патриоттық тәрбие аясында «Мерген» секция мүшелерімен «Отанын қорғау-әрбір Қазақстан Республикасы азаматтарының парызы» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы ІІО-ның болашақ қызметкерлерінің әскери патриоттық тәрбиенің деңгейін жоғарылату мақсатында, 2017 жылғы 05 мамырда институттың 2017жылға арналған  ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыс жоспарына сәйкес, әскери-патриоттық тәрбие аясында «Мерген» секция мүшелерімен бірге «Отанын қорғау-әрбір Қазақстан Республикасы азаматының парызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

         Дөңгелек үстел отырысына ӘжДШД кафедрасының қызметкерлері мен «Мерген» секциясының мүшелері қатысты. Дөңгелек үстел институттың оқу-жаттығу тирінде өтті.  Іс-шараны әскери және дене шынықтыру кафедрасының бастығы полиция полковнигі М.Д. Нұршаев алғы сөзімен ашты.

         Курсанттар дөңгелек үстелге белсенді қатысып, өз ойларымен пікірлерімен еркін бөлісті. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуде. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау біздің борышымыз.

         Іс-шара соңында полиция полковнигі М.Д.Нұршаев дөңгелек үстел қатысушыларына табыс пен Отан алдындағы борыштарын адал атқаруды тіледі.

 

Қ.Умбетбаев

ӘжДШД кафедрасының доценті

полиция полковнигі

 
03219164