Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ашық сабақтың өткізілуі

Кафедраның апталығы аясында 2018 жылдың 6 желтоқсаны күні әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны Б.К.Ибрайымов «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен «Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері» тақырыбында мемлекеттік тілде 1 «А» курсы 101,102,103-оқу топтарының куранттарына ашық дәріс сабағын өткізді.
Аталған сабаққа Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Ғ.Ж.Сулейманова, әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, оқу-әдістемелік орталығының оқытушы-әдіскерлері, 1 «Б» курс кураторы, күндізгі оқу факультетінің аға-оқытушы әдіскері, полиция майоры А.С.Галиуллина, 1 «А» курс кураторы, күндізгі оқу факультетінің оқытушы-әдіскері, полиция майоры А.А.Умирзакова қатысты.
Сабақ аяқталған соң талқылау болып, әр оқытушы сабаққа қатысты өз бағасын беріп, ескертулер айтты.

ӘжДШД кафедрасы
бастығының м.а.
полиция подполковнигі
С.М. Мусин

 
12286332