Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мектеп оқушылары арасында жол көлік оқиғаларын ескерту және алдын алу шаралары туралы

2018 жылғы 15 наурызда жол көлік оқиғасын ескерту және алдын алу шаралары мақсатында Ақтөбе қалалық Ж.Тәшенов атындағы № 68 орта мектеп оқушыларына  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары полиция майоры М.Тулешев пен полиция подполковнигі М.Е.Есет  жол көлік ережесі туралы профилактикалық әңгіме өткізді.

Кездесу барысында балалар көшеде, жолда қауіпсіздік ережесінің негізгі ережелерін естеріне түсіріп, жол көлік оқиғасы туралы сұрақтарға жауап берді. Әңгімелесу барысында велосипедпен, роликтермен сырғанау кезіндегі ережелер туралы сұрақтар қойылды. Ойын түрінде жолдан өту кезінде жаяу жүргінші өзін қалай ұстау керектігін және қалай өту керектігін айтты.

Оқытушылар жеткілікті түрде балаларға жол жүргіншісі жолда өзін қалай ұстау керектігін, бізге қандай жол белгілері және бағдаршамдар көмектесетіндігін, жолда жүргенде жүргіншінің ғана емес, көлік жүргізушінің  мұқиятсыздығы және жауапкершіліксіздігі салдарынан қандай жағдайлар болуы мүмкін екендігіне тоқталды.

Кездесу барысында балалар барлық ынталарымен оқытушыларды тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Шара соңында оқытушылар балаларға абай болу, мұқият болу керек екендіктерін, өздерін жолда дұрыс ұстау қажет екендіктерін айтып, балаларға жадынама таратты.

 

ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры                                                                      

М.Д. Тулешев

 
IMG_1791