Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мәдени демалыс

Тәрбие жұмысы бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, курсанттарға қаламыздың мәдени ошақтарын таныстыру және жеке құрамның мәдени демалысын ұйымдастыру мақсатында  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы 2017 жылғы 8 желтоқсанда Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына «Темір нарком» драмалық қойылымын тамашалауға барды.

Қойылымды 1 А, 1 Б, 2 курс курсанттары және профессорлық-оқытушылық құрам тамашалады.

Көрермендер екі сағатқа созылған қойылымнан жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.

 

ТЖБ инспекторы

полиция лейтенанты

Б.С.Елеусизов