Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Облыстық Алға балалар үйіндегі мереке

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы №75 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында және халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Алға балалар үйіне көмек» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

2018 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты атынан Алға балар үйі ұйымдастырған мерекелік іс-шараға Офицерлер жиналысының төрағасы полиция подполковнигі Т.Е.Сүлейменов, тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны З.А.Мухангалиева, Әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары полиция капитаны А.Ж.Қиюбек және жедел іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.С.Байгазин қатысты. 

Іс-шара басында балалар үйіне экскурсия жүргізілді. Әрі қарай балалар үйінің акт залында мерекелік түскі ас пен тәрбиеленушілердің жанды дауыстағы концерті ұйымдастырылды. 

Мереке балаларды қорғау күніне арналды және көптеген түлектерге, меценаттарға және баларға өзіндік маңызы бар соңғы мерекеге айналды. Күтілген аула, безендірілген ғимараттар, «АДД» ансамблінің вокалды-аспаптық жанды дауыстағы сәнді концерті және түлектердің Үй туралы әңгімелері ешкімді бей-жай қалдырмады. Қуаныштың, уайымның, қоштасудың көз жасы, тәрбиеленушілердің дауыстарындағы діріл – бәрі қонақтарға ерекше әсер етті.    

Шынайы мейірімге толы концерт көңіл түсірерліктей болды. Өйткені, кезінде 2 мыңға жуық тәрбиеленушілері болған балалар үйі қазір 50-ге жуық балалар тәрбиелеуде, сол себептен күзде балалар үйін Ақтөбеге ауыстырғалы отыр.   

Іс-шара барысында сөз Офицерлер жиналысының төрағасы полиция подполковнигі Т.Е.Сүлейменовке берілді. Өз сөзінде төраға балаларды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, біздің институт әрі қарай да балалар үйімен достық қатынасын үзбей, жалғастыратындығын айтты.

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева

 
10259076