Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Петропавл қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстың қорытындысы

2018 жылдың желтоқсан айының 7-9 арлығында Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық Ұланның әскери институтында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұлан офицері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нурпейісовті еске алуға байланысты, жоғары оқу орындары мен курсанттар арасында спорттың қоян-қолтық ұрыс түрінен жарыс өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша 80 кг салмақ дәрежесінде жүлделі 2-орынды Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2«Б» курс курсанты Советханов Самат иеленді.
Сонымен бірге «Жеңіске деген ұмтылыс» номинациясы бойынша грамотамен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы 2«А» курс курсанты Гапбар Копжан марапатталды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық Ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Жақсылықовтың ведомстволық жоғары оқу орындарында спорттың қоян-қолтық ұрыс түрін одан әрі дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының полиция аға лейтенанты А.К.Космуратовқа және полиция капитаны Д.А.Дюсембаеваға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, полиция полковнигі С.И.Қаракүшевке алғысхат жіберілді.

ӘжДШД кафедрасы
кабинетінің бастығы
полиция лейтенанты
К.Ж.Жанибеков