Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Нижегород Академиясымен “Ресей ІІМ білім беру ұйымдарында білім беру бағдарламаларын жобалауды, іске асыруды және бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері” тақырыбында онлайн режимінде Халықаралық оқу-әдістемелік жиын

 2018 жылдың 27 қарашасында ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ғ. Ж. Сулейманова және ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А.К. Каримбаева, Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Нижегород академиясының онлайн режиминде өткізген «Ресей ІІМ білім беру ұйымдарында білім беру бағдарламаларын жобалауды, іске асыруды және бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы халықаралық оқу-әдістемелік жиынға қатысты.

Осы халықаралық оқу-әдістемелік жиынында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымының жұмыс істеуі шеңберінде салықтық қаржылық тергеу органдары үшін кадрлар даярлау ерекшеліктері» секциясының жұмысы өтті. Сот бухгалтериясы және бухгалтерлік есеп кафедрасының бастығы С. С. Воронов, алдын ала тергеу кафедрасы бастығының орынбасары М. А. Меркулов, криминалистика кафедрасының бастығы М. А. Ершов, экономика және экономикалық қауіпсіздік кафедрасының доценті О. М. Елфимов, қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының аға оқытушысы В. Креховец баяндама жасады.Аталған секцияның жұмысына ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Армения Республикасының Білім беру кешенінің, Тәжікстан Республикасының ІІМ академиясының және Беларусь Республикасының ІІМ Академиясының өкілдері қатысты. Осы секцияда М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары, полиция полковнигі Г. Ж. Сулейманова кадрларды криминалистикалық даярлаудың тәжірибелік құрамдас бөлігіне қатысып сұрақтар қойды, өз кезегінде Ресей тарапы ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкіліне салық және қаржылық тергеу органдары үшін жоғары оқу орнынан кейінгі кадрлар даярлауға қатысты сұрақтар қойды.

Қатысушылар ТМД елдерінің білім беру ұйымдарында білім беру бағдарламаларын жобалауды, іске асыруды және бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты көптеген мәселелерді талқылады.

                                                                                                                                 ҒЗжРБЖҰ бөлімінің

                                                                                                                                 ғылыми қызметкері

                                                                                                                                 Д.А. Динова