Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тыңдаушыларға сабақ өткізу кезінде тәжірибелік қызметкерлерді тарту

Ақтөбе облыстық ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталығының қызметкерлерімен  Қазақстан Республикасы ІІМ 2018 жылғы 09 қаңтарда шыққан №14 бұйрығының 4 бөлімі 3 – бөлімшесіне сәйкес және Ақтөбе облысы ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталығы арнайы мемлекеттік мұрағатының жасайтын жұмыстары мен іс-шараларына байланысты ақпараттық-имидждік жоспарына сәйкес кәсіптік және қосымша білім факультеті арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына өткізілетін сабақтардың кестесі құрылды.

Кесте Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының 2018 жылдың 06 ақпанындағы мәжілісінде талқыланып, №12 хаттамамен мақұлданды, КЖҚБФ бастығы полиция полковнигі С.Б. Ғизатов және Ақтөбе облысы ІІД ААО бастығы полиция подполковнигі А.Б. Крымкуловамен келісіліп, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.А. Даулетияров пен Ақтөбе облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі А.К. Токеев бекітті.

2018 жылдың 13 ақпанда сағат 15:00-де ІІО қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану пәні бойынша Ақтөбе облыстық ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталығының төмендегідей қызметкерлері кәсіптік және қосымша білім факультеті арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларына тәжірибелік сабақ өткізді:

– Ақтөбе облысы ІІД ААО бастығы полиция подполковнигі А.Б. Крымкулова 4-7 – топтарға 450 – аудиторияда «Интегралдық мәліметтер банкі» тақырыбына байланысты;

– Ақтөбе облысы ІІД ААО арнайы мемлекеттік мұрағатының аға инспекторы полиция аға лейтенанты А.Ғ. Ізбасарова 4-7 – топтарға 450 – аудиторияда «Қуғын-сүргін құрбандары» тақырыбына байланысты;

– Ақтөбе облысы ІІД ААО аға инспекторы полиция майоры А.А. Құлтасова 1-3 – топтарға 450 – аудиторияда «Интегралдық мәліметтер банкі» тақырыбына байланысты;

– Ақтөбе облысы ІІД ААО инженері полиция лейтенанты А.Б. Байбулова 1-3 – топтарға 450 – аудиторияда «Интегралдық мәліметтер банкі» тақырыбына байланысты.

Сабақ өте қызықты өтті. Ақтөбе облысы ІІД ААО қызметкерлері күнделікті жұмыста қолданатын бағдарламалары туралы айтып, проектор арқылы бағдарламалармен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдаушыларға барынша түсіндірді. Тыңдаушылар түсінбеген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сабақ соңында КЖҚБФ бастығы полиция полковнигі С.Б. Ғизатов пен ҚПК кафедра бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.С. Есмағанбетов институт бастығы полиция полковнигі С.И. Қаракүшевтің атынан Ақтөбе облысы ІІД ААО қызметкерлеріне алғысын білдірді. 

 

ҚПжКриминалистика кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі

Қ.А. Бүркітбаев