Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облысының Білім басқармасы ұйымдастырған «Бала тәрбиесі – баршаның ісі» атты облыстық конференцияға қатысу туралы

2018 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.С.Салауатов «Правовые гарантии защиты детей от информации, распростроняемой посредством информационно-телекомуникационных сетей и причиняющей вред их здоровью» ізденіс тақырыбы шеңберінде Ақтөбе облысы Білім басқармасы ұйымдастырған «Бала тәрбиесі – баршаның ісі» атты облыстық конференциясының жұмысына қатысқан болатын.

Конференция модераторы Ақтөбе облысы білім басқармасының жетекшісі Л.А.Уразбаеваның алғашқы сөз сөйлеуімен басталды.

Конференцияға қытысқандар: М.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Н.Есенгулова, Ақтөбе облысы ІІД ЖПҚ ювеналды полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Н.Утешова, Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Н.Б.Мулкаев, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экскурсиялық-жалпылама жұмыстар бөлімінің жетекшісі, «Шолпы» әйелдер клубының жетекшісі А.С.Сарыбай, М.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің дінтану және тарих кафедрасының аға оқытушысы А.Д.Бақыт.

Сондай-ақ, конференцияға Ақтөбе облысының аудандық мектеп директорлары мен мұғалімдері, ата-аналар комитеттерінің өкілдері қатысты.

Конференция барысында бала тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің қарым-қатынасын күшейту туралы шаралар, әлеуметтік желілердің бала психологиясына әсері, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық пен жыныстық қол сұғушылықты алдын алу, қыз балалар тәрбиесі, қоғам тәрбиесі мен отбасылық тәрбиеде әкенің орны секілді сұрақтар талқыланды.

Осы облыстық іс-шараның ұйымдастырушысы, яғни Ақтөбе облысы білім басқармасының жетекшісі Л.А.Уразбаева конференцияның жұмысына оң баға беріп, қызықты баяндамалар оқып, атсалысып қатысқандарға өз ризашылығын білдірді.

 

Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі                

М.С.Салауатов