Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2 және 4 – курстың жас офицерлерінің оқу бітіру салтанаты

2017 жылғы 22 маусым сағат 11:00-де офицерлердің оқу бітіруіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

         Іс-шараның салтанатты бөлімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындаудан басталып, Кеңес Одағының батыры М.Бөкенбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қоюмен жалғасты. Ескерткішке гүл шоқтарын институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев, ІІО ардагерлері, курс бастықтарымен бірлесіп 2 және 4 – курстың оқу бітіруші түлектері қойды. Аталған іс-шараға оқу бітіруші түлектердің ата – аналары атынан А.А. Қалиев алғыс сөзімен түлектерге ақ жол тіледі.

         Гүл шоқтарын қойып болғаннан кейін іс-шараға қатысушылар жас офицерлерді шығарып салуға арналған салтанатты іс-шараның жалғасын тамашалау үшін саптық алаңға бет алды.

Мерекелік бағдарлама барысында институт бастығын полиция полковнигі  С.И. Қаракүшев  пен ІІО ардагері С.Р. Рзабеков құттықтау сөздерін сөйледі.

Салтанатты іс-шараны музыкалық сүйемелдеу мақсатында Т.Я. Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының оркестрі қатысты. Сценарий бойынша түлектерге дипломдары табысталды, одан соң түлектердің ата-аналары құттықтау сөздерін сөйледі. Іс-шара барысында –курс курсанттары көрермендерге карабин дефилесін көрсетті.

         Аталған іс-шара толығымен фото және бейнетаспаға түсірілді.

 

 

З.Мухангалиева

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны