Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Құқықтанушы» викторинасы

2018 жылғы 09 ақпанда әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының апталығы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 Б курсы 104-оқу тобының курсанттары арасында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы пәні бойынша «Құқықтанушы» викторинасы өткізілді.

Викторина әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Дәметкен Райымқызы Мырзабаеваның басшылығымен өтті.

Викторинада  «Арыстан»  және  «Барыс» атты екі команда сайысқа түсті. Жарыс 2 турдан тұрды: ғылыми ойын (сұрақ-жауап) және тест сұрақтарына жауап беру. Командалар тең ұпай алғандықтан, жүлделі 1-ші орынды екеуара бөлісті.

Викторинаның өткізілу мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби қызметтерінде алған білімдерін, заңтанушылық саласында ғылыми тұрғыдан зерттей білулерін және теориялық материалдарды игеру деңгейлерін анықтау.

Институт білім алушылары оқытылып жатырған пәндер бойынша өздерінің жоғары деңгейлі біліктіліктерін көрсете білді.

 

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының

оқытушысы

полиция капитаны 

Д.Р.Мырзабаева