Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҰОС және ІІО ардагерімен кездесу

2018 жылғы 12 қыркүйекте тәрбие жұмысы бөлімі оқу саптық бөлінісімен біріге отырып, ҰОС соғысының және ІІО ардагері милиция полковнигі Михаил Иванович Диденкомен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 А және  1 Б курсының курсанттарымен кездесу ұйымдастырды.

Әңгіме барысында Михаил Иванович соғыс жылдары басынан өткізген қиыншылықтарды, соғыстан оралған соң, ішкі істер органдарында қызмет жасағандығы және зейнетке шыққандығы, отбасы туралы сөз тарқатты. Курсанттар ардагерге  сұрақтар қойып, қызықты жауаптар алды.

Кездесу соңында курсанттар ардагерге денсаулық тілеп,  туған күнімен құттықтап, сыйлық ұсынды.

  

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А. Мухангалиева

 
index