Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ұстаз – күрделі нәрсені жеңілдете алатын тұлға

2018 жылғы 5 қазан күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң Институтында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай,2«А» курс курсанттары мен курс бастығының орынбасары, полиция капитаны            С.П.Оразғалиевтің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға институт бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі    Сүлейманова Г.Ж.,сап бөлімі жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Манапбаев К.М., ауыспалы құрамының барлық аға оқытушылары мен тәлімгерлері және курсанттар қатысты. 

Салтанатты кешті институт бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Сүлейманова Г.Ж., құттықтау сөзімен ашты, ал кадр бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қаирғали Н.С институттың «Жас үздік оқытушы»,«Үздік оқытушы» атты бәсекелестік сайыстың нәтижесінде үздік оқытушыларды есте қаларлық сыйлықтармен марапатталған бұйрықты оқыды. Сондай-ақ, полиция майоры Е.Ж.Альмухамбетоваға «полиция подполковнигі» және полиция капитаны Д.С. Мукановаға «полиция майоры» деген кезекті атақ берілді.

Мерекелік іс-шараға кіші сержант полициясы Толеугалиев А., қатардағы полиция Тлепов Б., қатардағы полиция Ерсін Н., кіші сержант полициясы Оңғарова Ә., қатардағы полиция Исатай., қатардағы полиция Төлегенова., қатардағы полиция Дүйсембай Т., қатардағы полиция                     Забихова З., қатардағы полиция Зайдагалиева Ұ., қатардағы полиция Дүйсембаева., қатардағы полиция Жылқыайдар Ж., курсанттар белсенді қатысты.

Іс–шара қорытындысында курсанттар институттың профессорлық – оқытушылық құрамын құттықтай отырып, әр адамның жүрегіне жылулық нәрін сусындатып, сонымен қатар жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге үйретіп, біздің білімімізді байыта отырып, өмірге деген көзқарасымызды өзгерткен жандарды  батылдықпен ұстаздар деп айта аламыз. Ұстаз – бойына жиған бар білімін шәкіртіне дарыта білетін өмірлік тәжірибесі мол тұлға.

 

Курс бастығының орынбасары 

полиция капитаны

С.П.Оразғалиев

 
02 2